Мемлекеттік органдардың азаматтарды
қабылдаужәнеолардыңөтініштерінқараутәртібі:

 

Аудан әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың қабылдауы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына  және «Қазақстан Республикасындағы орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі №974 қаулысына сәйкес жүзеге асады.    
Аудан әкімі бекіткен кестеге сәйкес белгіленген сағатта және күні азаматтарды әкім, әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы жеке қабылдайды. Қабылдау кестесі әкім аппаратының ғимаратында қабырғада ілініп тұрады, газетте жарияланады және аудан әкімінің сайтында орналастырылады. Егер өтiнiштi лауазымды тұлға қабылдау кезiнде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша өтiнiш ретiнде жұмыс жүргiзiледi.
Азаматтарды қабылдау туралы анықтама сұрақтарды және азаматтардың жүгінулерінің қарауы туралы ақпаратты байланыс телефонымен алуға болады: 21-1-80.

Мекен- жайы: БҚО,Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі 61.


Жәнібек ауданы әкімі аппаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау КЕСТЕСІ:

Сафималиев Азамат Сафималиұлы

Аудан әкімі

- жұма, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін,
апта сайын

Меңешов Біржан Нұрланұлы

Аудан әкімінің орынбасары

- сәрсенбі, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, апта сайын

Абдолов Жақсылық Кәрімоллаұлы

Аудан әкімінің орынбасары

- бейсенбі, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін,
апта сайын

Молдағалиев Асхат Хамитұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

- сәрсенбі, сағат 10:00 ден 12:00-ге дейін, апта сайын

 

 

Жәнібек ауданы әкімі аппаратына 2017 жылдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің
саны туралы ақпарат:

        2017 жылдың қорытындысы бойынша Жәнібек ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 427 өтініш келіп түсті.
2017 жылдың көрсеткіштерін 2016 жылмен салыстырсақ, өтініштердің саны 39,4 % - ға төмендегені байқалады (2016 ж.– 705).
Жалпы 2017 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан келесідей мәселелер бойынша өтініштер келіп түсті:

  • 130 тұрғын үй;
  • 120 жер қатынастары;
  • 105еңбек қатынастары; 
  • 23 халықтыңтұрмысы;;
  • 17 материалдық көмек; 
  • 16су өткізу;
  • 6 құжаттандыру;
  • 4 білім;
  • 3 кәсіпкерлік;
  • 2 ветеринария;
  • 1 мәдениет саласы.