«Жәнібек аудандық ішкі саясат  бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Бөлім басшысы 

 Кушанова Жанар Диясовна

Телефоны:

 87775681515,  8(71135) 22-1-00

 

Бөлім мамандары
Мемлекеттік қызметкерлер

Аты-жөні

Лауазымы

Телефоны,  жұмыс телефоны

Есниязова Гульмира Утеновна

Бас маман

87772484032, 8 (71135) 21-2-42

Кайыржанова Арайлым Насипкалиевна

Жетекші  маман

87778724105, 8 (71135) 21-2-42

 

Мекеменің мекен-жайы

Телефон

Электронды адрес

Азаматтарды қабылдау кестесі

Бөлімнің жұмыс уақыты

БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы Иманов көшесі №108

22-1-00
21-2-42

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Әр жұма күні: сағат 10:00- 12:00-ге дейін

09:00-13:00
14:30-18:30                         Түскі үзіліс 13.00-14.30
Сенбі, жексенбі демалыс күндер

 

  1. Мекеменің құзыреті: Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қалыптастыру, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, әкімдіктің, облыс әкімінің, БҚО ішкі саясат басқармасының құзырына қатысты мәселерлер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындалуына бақылау жасау, Қазақстан дамыуының 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіру және насихаттау, аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен бірігіп жұмыстану.

 

  1. Мекеменің құзыретін, міндеттері мен функцияларын айқындайтын заңдар, нормативтік-құқықтық актілер: Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, әкімдіктің қаулыларына, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

  1. Мекеменің қызметтік міндеттері:

1)ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады.

 

2) ауданда мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының,  әкімдіктің бөлім құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауға бақылау жасайды.


3) қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстан дамыуының 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады.


4) ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру ретіндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады.

 

5) ішкі саясат саласындағы тұжырымдамалық негіздемелер және практикалық ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

6) ауданда болып жатқан қоғамдық -саяси үдерістерге, оның даму барысына жан-жақты  дұрыс  зерттеу, қорыту және талдау жасайды.

 

7) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының  қызметін үйлестіріп отырады.

 

8) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізеді.

 

9) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ-дар өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды.

 

  1. Мекеменің негізгі мақсаттары:
  • ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат

саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайларға саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізеді, талдау жасайды және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөнінде ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады.

 

  • Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс және аудан әкімдерінің, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
  • бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады.
  • аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызмет туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады.
  • бөлімнің құзырына кіретін Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамсыз етеді.
  • бөлім атқарылған жұмыстар жөнінде Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасына үнемі есеп беріп отырады.
  • бөлім құзырына кіретін мәселелер жөнінде аудандық уәкілетті органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамасыз етеді.

 

8) аудан әкімі аппараты қызметін ақпараттық - талдаумен қамтамасыз етеді.


9) ауданда қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді.


10) аудандағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттің ішкі саясат мәселелері жөніндегі ақпараттық насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды.


11) ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша әкімдік мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады.


12) Кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына кеңес береді, әдістемелік және ақпараттық көмектер көрсетеді.


13) ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты ауданда ұлтаралық қатынастарды, Қазақстан Республикасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуді айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады.


14) бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және жіктеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.


15) саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асырады.


16) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған аудандық ғылыми-практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады.


17) аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен бірлесе отырып бөлім құзырына кіретін ұйымдық - әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.


18) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.