«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

(Бөлім атауы, толық)

 

Бөлім басшысы:

Кенжегалиев Жаныбек Мертенович

Телефоны:  8-777-565-6740

                      8-701-436-3863

Жұмыс телефоны: (8-711-35) 21589

 

Бөлім мамандары

Мемлекеттік қызметкерлер

Аты-жөні

Лауазымы

Телефоны,  жұмыс телефоны

Абдрешев Нурболат Зулпкарович

Бас маман

8-705-387-7562

(8-711-35) 22355

 

Мекеменің мекен-жайы

Телефон

Электронды адрес

Азаматтарды қабылдау кестесі

Бөлімнің жұмыс уақыты

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы А.Иманов көшесі, №71 үй

21589

22355

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Аптаның әр бейсенбі күндері

10.00-12.00 сағ.

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-

жұма күндері

08.30-18.30 сағ.

Үзіліс

13.00-14.30 сағ

Демалыс:

сенбі-жексенбі күндері

 

  1. Мекеменің құзыреті:

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 14-1-бап 3-тармағына сай ауданның уәкілетті органының аудан шекарасы және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне:


1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;


1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;


2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;


2-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;


3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;


4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;


5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;


6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;


7) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;


8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;


9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;


10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;


11) ауданның, жер балансын жасау;


12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;


13) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;


14) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;


15) Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;


16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;


16-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;


17) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;


18) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабына сай аудандық атқарушы органына берілген құзыретi шегінде:


1) Жер Кодексінiң 13, 16, 18 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;


1-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу;


1-2) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;


2) Жер Кодексінiң 13, 16 және 18-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;


2-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;


2-2) орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған
тұлғалар туралы ақпарат беру;


3) ауылдық атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;


3-1) Жер Кодексінің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;


4) Жер Кодексінің 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;


4-1) Жер Кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;


4-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық
стендтерде орналастыру;


5) арнайы жер қорын құру;


6) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;


6-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;


6-2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және ауданның жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;


6-3) Мемлекеттік корпорацияға Жер Кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;


7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жүргізіледі.

 

Мекеменің құзыретін, міндеттері мен функцияларын айқындайтын заңдар, нормативтік-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексі.
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі.
  3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардапғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» №148 Заңының 31-бап 1-тармақ 10-тармақшасы.
  4. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» №416-V Заны.
  5. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №316 қаулысымен бекітілген «Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі.

 

  1. Мекеменің қызметтік міндеттері:
  2. Аудан аумағында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

 

  1. Мекеменің негізгі мақсаттары:

1) Жәнібек ауданы жергілікті атқарушы органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;


2) ақпараттық қамтамасыз ету, жер қатынастары саласындапғы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

 

  1. Мекеме ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі:
  2. Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту (коды 02201004)
  3. Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту (коды 02201005)
  4. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру (коды 02201006)
  5. Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру (коды 02201007)
  6. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру (коды 02201016)
  7. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (коды 02201017)
  8. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу (коды 02201018)
  9. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (коды 02201019)
  10. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау (коды 02201022)
  11. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру (коды 02201023)

 

Негіз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі».