Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу бойынша сұрақтар (docx, 22 Kb)

 

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша оқу-әдістемелік құрал (pdf, 1.5 Mb)

 

«ҚР Халықты әлеуметтік қорғау Заңының кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы №369 ҚР Заңына түсінік беру (docx, 21 Kb)

 

Әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту туралы (ppt, 634 Kb)

 

 

"Батыс-Қазақстан облысының Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 

Бөлім басшысы:

Айтқалиев Ғибрат Талғатұлы

Телефоны: 87056646685

Жұмыс телефоны: (8-711-35) 21-4-66

 

 

Бөлім мамандары

Аты-жөні

Лауазымы

Телефоны,

жұмыс

телефоны

Жармуханова Аида

Алмазовна

Бас маман

87710386260

22-0-59

Өтегенова Гүлзада

Ишанғалиқызы

Бас маман - есепші

87772935417

22-5-53

Тастенова Райгуль

Исатаевна

Бас маман

87775642768

21-7-40

 

 

Мекеменің мекен-жайы

Телефон

Электронды адрес

Азамат

тарды қабылдау кестесі

Бөлімнің жұмыс

уақыты

БҚО,

Жәнібек ауданы,

Жәнібек ауылдық округі,

Ғ.Қараш көшесі

№35 ғимараты

21-9-87

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Сағат 09.00-ден – сағат 13.00-ге дейін

 

Сағат 9 00 – 18 30 дейін, түскі үзіліс

Сағат 13.00 - 14 30-ге дейін.

 

 

  1. Мекеменің құзыреті:

Атқарушы билік тармақтарының мүдделі органдарымен әлеуметтік,еңбек мәселелері бойынша аймақтық бағдарламасының әзірлеу, әлеуметтік әріптестік жүйесі жөніндегі ұсыныстарды дайындау мен жүзеге асыру, еңбек жанжалдарын шешуге қатысу, аудандық әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың администраторы қызметін орындау.

 

  1. Мекеменің құзыретін, міндеттері мен функцияларын айқындайтын заңдар, нормативтік-құқықтық актілер:
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен қаулылары,
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары,
  5. Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы.
  6. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы
  7. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы.
  8. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы.
  9. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
  10. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)
  11. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
  12. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы
  13. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы.
  14. Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы.
  15. Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы
  16. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңы
  17. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы
  18. Батыс Қазақстан облысы әкімінің және облыс мәслихатының шешімдері мен қаулылары
  19. Аудан әкімінің, мәслихатының шешімдері мен қаулылары

 

  1. Мекеменің қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдары мен қаулыларын, аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін, өкімдері мен тапсырмаларының орындау, бөлімнің ішкі еңбекпен қызметтік тәртіпті бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылықтарының орындалуына бақылау жасау, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіру, Қазақстан Республикасының заң актілерінің ережелеріне, заңдылықтарына түсінік жұмыстарын жүргізу, насихаттау, құқықтық оқулар ұйымдастыру, аудан әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен бірлесіп жұмыс атқару, қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалау, бөлімнің құзыреттігіне кіретін сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау.

 

  1. Мекеменің негізгі мақсаттары:

Әлеуметтік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік көмек көрсету, аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау, еңбек нарығының жағдайына және болжауына сараптама жүргізу, ағымдағы және болашақтағы аудандық халықты жұмыспен қамту бағдарламаларына ұсыныстар әзірлеу және оларды іске асыруды қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлерін, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы жанұяларға, мүгедектерге, кемтар балаларға, аз қамтылған азаматтарға атаулы және мереке күндері әлеуметтік көмек түрлерін ұйымдастыру, әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғыз басты, қараушысы жоқ қарттарға әлеуметтік көмек түрлерін көрсету, облыстық департаментке мүгедектер мен кемтар балалар есебінен жүріп-тұру, дене қозғалыс аппараттарына, протездік –ортопедтік бұйымдарға, есту-көру аппараттарына сұраныстарын анықтап мәліметтерін беріп отыру, мүгедектер мен соғыс, еңбек ардагерлеріне емделу-демалу орындарына жолдамамен қамтамасыз ету.

 

  1. Мекеме ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» №279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11342 тіркелді

  1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;
  2. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
  3. «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;
  4. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;
  5. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
  6. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
  7. «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;
  8. «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;
  9. «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметкөрсетуге құжаттар ресімдеу»;
  10. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
  11. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;
  12. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;
  13. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»;
  14. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;
  15. «Тұрғын үй көмегін тағайындау»;
  16. «Ақталған адамға куәлік беру»;