Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі

 

Бөлім басшысы:

Сариев Руслан Асетович

ҰялыТелефоны:           87777611363

Жұмыс телефоны: 21343

 

Бөлім мамандары

Мемлекеттік қызметкерлер

Аты-жөні

Лауазымы

Ұялы телефоны, жұмыс телефоны

Аяпова Шолпан Утеновна

Бас маман

        22052

Мажитова Айгул Нурсултановна

Бас маман

        21843

Садыков Еркин Ерсаинович

Бас маман

        21550

 

Мекеменің мекен-жайы

Телефон

Электронды адрес

Азаматтарды қабылдау кестесі

Бөлімнің жұмыс уақыты

БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі, 63

     21343

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сәрсенбі күні 1000-1300

0900-1830

 

Мекеменің құзыреті:

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі» (бұдан әрі – бөлім) аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік басқару және ауданның әлеуметтік – экономикалық даму басылымдарына қол жеткізу мен құруына ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүесін жүзеге асыру саласында бақылау қызметін атқаруға, және жергілікті бюджетті атқару мен коммуналдық меншік басқару  саласында өкілетті атқарушы орган болып табылады.

 

Мекеменің құзыретін, міндеттері мен функцияларын айқындайтын заңдар, нормативтік-құқықтық актілер:

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігінің қаулысына, әкімнің шешімдеріне, басқа да нормативті – құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

Мекеменің қызметтік міндеттері:

1) ауданының әлеуметтік – экономикалық даму басымдықтары мен стратегиялық мақсаттарын орта мерзімді кезеңге анықтау;

2) жергілікті деңгейде мемлекеттік бюджеттік саясатты салық және аудан аумағындағы қаржылық – несиелік саясатпен байланыстыра құру жүзеге асыру болып табылады.

3) аудандық бюджетті атқаруды қамтамасыз ету;

4) коммуналдық меншікті қорғау бойынша шараларды басқару және жүргізу.

 

Мекеменің негізгі мақсаттары:

1) ауданның аумақтық және институциялық дамуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

2) селолық аумақтарды дамыту жөнінде шаралар жоспарлау, оларды жүзеге асыруды үйлестіру және қызмет қорытындысын сараптайды;

3) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, ауданның стратегиялық және орта мерзімді даму жоспарларын әзірлейді, әзірлеуге қатысушы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіреді;

4) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуын сараптайды, ауданның стратегиялық және орта мерзімді даму жоспарларын жүзеге асырады, аудан әкіміне ақпараттық – сараптау материалдарын дайындайды;

5) бюджеттік жоспарлау ісіне методологиялық басшылық жасайды;

6) аумақтық салық органымен бірлес жергілікті бюджеттің кірісін болжайды;

7) үш жылға аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштерін, алдағы қаржылық жылға арналған аудан бюджетінің жобасын, бюджетке енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің жобаларын әзірлейді;

8) тиісті қаржылық жылға арналған аудандық бюджет жобасын аудандық мәслихат сессиясында қарау туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

9) жылдық қаржылау жоспарын әзірлейді;

10) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихат сессиясының шешімін жүзеге асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

11) жергілікті атқарушы органның резервін жоспарлау;

12) ауданның фискальді орта мерзімді саясатының жобасын әзірлейді;

13) жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық бірліктерін сараптайды;

14) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін құру;

15) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сарап жүргізеді;

16) қолданыстағы және әзірленетін аймақтық бағдарламалар тізбесін құрады және әрі қарай жүргізеді;

17) әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын, аймақтық бағдарламалардың әзірленуін және жүзеге асырылуын методологиялық қамтамасыз етеді;

18) бөлімнің құзырлығына кіретін бағыттар бойынша аймақтық бағдарламаларды әзірлейді және орындайды;

19) аймақтық бағдарламалардың орындалуына жалпы бақылау жасайды;

20) аймақтық бағдарламаларды, бюджеттік бағдарламаларды, бюджеттік инвестицияларды және гранттарды жүзеге асыру тиімділігін бағалауды жүргізеді;

21) инвестициялық жағдайды жақсарту жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс әзірлейді, аймақтық бағдарламаларды және басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестицияны тартуға ықпал етеді;

22) жергілікті мемлекеттік органдардың экономикалық қызмет түрлерін реттейтін, рұқсат беру жүйесі мәселесі бойынша қызметін үйлестіру, соның ішінде лицензия беруді де;

23) бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша нормативті – құқықтық келісімдердің жобасын әзірлейді;

24) аудандық бюджетті атқаруды қамтамасыз ету;

25) аудандық бюджеттің түсімдер мен қаржыландыру жиынтық жоспарларын бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз ету;

26) аудан бюджетін атқару бойынша есеп беру, сондай-ақ мемлекеттік қаржы және коммуналдық меншік жөнінде статистикалық есеп алуды құрастыру;

27) коммуналдық меншікті қорғау бойынша шараларды басқару және жүргізу;

28) келісім-шарттарға қол қоюға, сонымен қатар жекешелендіру, мүліктік жалға алу, кәсіпорындарды, жер қойнауларын және басқа коммуналдық меншіктегі объектілерді сату мәселелері бойынша олардың атқарылуына бақылауға  қатысу;

29) белгіленген заңнамалар тәртібімен коммуналдық меншіктің мақсатты және тиімді пайдаланылуын қадағалап және жинақы есебін жүргізуді жүзеге асырады;

30) бөлім қызметіне байланысты жұмыстарға қажетті жағдайда кеңесшілерді, аудиторларды және тәуелсіз сарапшыларды қатыстыру;

31) жекшелендіру және коммуналдық меншіктерді пайдалану тәртібі туралы Заңнаманың орындалу тәжірибесін қорыту, талдау және оны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар даярлау, коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және оған билік етуді реттейтін нормативтік құқылық актілердің жобаларын әзірлеу;

32) коммуналдық меншіктер мәселесіне қатысты мемлекеттің мүддесін және мүліктік құқын қорғау;

33) заңға сәйкес жүктелген басқа функцияларды жүзеге асыру;

34) аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алады.

35) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдайды.

36). аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді.

37).коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады.

 

Мекеме ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі:(болған жағдайда)

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету»