Білім беру бөлімі

«Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Бөлім басшысы

 Сарбалина Бағида Диясқызы

Телефоны:

 8(71135) 22-0-94

 

Бөлім мамандары
Мемлекеттік қызметкерлер

Аты-жөні

Лауазымы

Телефоны,  жұмыс телефоны

Бейсова Альбина Хамитқызы

Бас маман

8 (71135) 22-5-56

Жакин Нұрлыбек Тұрымтайұлы

Бас маман

8 (71135) 21-4-74

 

Мекеменің мекен-жайы

Телефон

Электронды адрес

Азаматтарды қабылдау кестесі

Бөлімнің жұмыс уақыты

БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы Ғ.Қараш көшесі №18

22-0-94
21-3-64

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Әр жұма күні: сағат 10:00- 12:00-ге дейін

08:30-12:30
14:30-18:30
Сенбі, жексенбі демалыс күндер

 

  1. Жалпы ережелер
  2. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі – жергілікті атқарушы органның және аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
    2. Жәнібек ауданының әкімдігі «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
    3. Жәнібек ауданының әкімдігі «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік басқару органы, сондай - ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субьектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
    4. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге,  сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
                5. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
                6. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
                7. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
                8. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде ресімделетін шешімдер қабылдайды.
                9. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.                
    10. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индекс 090500, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ықсанов көшесі, №93 үй.
    11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
                12. Осы Ереже «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
                13. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру  жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
    14. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
    Егер «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
  3. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
    аудан аумағында мектепке дейiнгі, орта жалпы, қосымша бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк басқару қызметін тиімді іске асыру болып табылады.
    16. Негізгі міндеттері:
    1) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармақшасына сәйкес білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асыру;
    2) аудан азматтарына мемлекеттiк оқу орындарында тегiн  орта бiлiм алуға конституциялық кепiлдiк беру.
    3) ауданнық бiлiм жүйесiнiң барлық буындарында бiртұтас мемлекеттiк саясатты ұлттық – аймақтық, демографиялық  және басқа ерекшелiктерiн ескере отырып жүргiзу, аудан көлемiнде  үздiксiз бiлiм берудi қамтамасыз ету.
    4)  ауданның бiлiм жүйесiн  қоғамның қажеттiлiктерiне сәйкес және жаңа әлеуметтiк – экономикалық жағдайларға байланысты дамыту және әлеуметтiк тұрғыда қорғау.
    5) тұрғындардың бiлiм беру сұраныстарын қанағаттандыру үшiн жағдай туғызу мақсатында жергiлiктi өзiн - өзi басқару ұйымдарға көмек көрсету.
    6) ауданның бiлiм беру мекемелерiне халықты мiндеттi орта бiлiм берумен қамтамасыз етуiне басшылық жасау.
    7) жалпы орта бiлiм беру мазмұнының  аумақтық  құрамдас бөлiгiн әзiрлеу.
    8) негiзгi басқыштағы мектеп бiтiрушiлердi орта бiлiм алу желiсiне байланысты облыс пен ауданның жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарына қажеттiлiгiн ескере отырып бөлу.
    9) жергiлiктiк билiк және басқару органдарына мектеп бiтiрушiлердi еңбекке  орналастыру жөнiнде жәрдемдесу.
    10)  мектеп оқушылары мен бiлiм беру қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау.
    11) ауылдық  жердегi балаларды мектепке тегiн апаруды ұйымдастыру, тамақтандыру және оқушыларды медициналық қамту, жалпыға бiрдей бiлiм беру қорының   есебiнен аз қамтылған жанұя балаларына материалдық көмек көрсету.
    12) кәмелетке толмаған, ата – анасыз қалған балаларды қамқорлыққа алуды ұйымдастыру.
    13) ауданның бiлiм мекемелерiн мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарымен қамтамасыз ету.
    14) ауданның педагогикалық кадрларымен жүргiзiлетiн әдiстемелiк жұмыстардың жүйесiн дамыту, ғылым жетiстiктерiмен өзара iс – қимыл бiрiктiру, жаңа педагогикалық технологияны игеру, бiлiм бөлiмi қызметкерiлерiнiң  аттестациялау жүйесiн жетiлдiру.
    15) бiлiм беру мекемелерiнiң материалдық - техникалық базасын нығайту, қаржыландыруды жақсарту, бiлiм беру мекемелерiн қаржыландырудың бюджеттен тыс тәсiлдерiн дамыту.
    16) бiлiм берудегi жаңашылдандыру процесiн кеңейту,  соның iшiнде бiлiм беру мекемелерiн дарын басқарудағы жаңашылдықты дамыту, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру.
    17) бiлiм беру органдарының өзге мемлекеттiк басқару ұйымдарымен,  өзге де ұйымдарын, көпшiлiк ақпарат құралдарымен бiрлескен қызмет аясын кеңейту.
    18) балаларды ана тiлiнде тәрбиелеу мен оқытуға жағдай туғызу, шет тiлдерi оқытуды дамытуға жәрдем ету, ұлттық салт дәстүр мен мәдениеттi оқып – үйренуге жағдай жасау.
    17. Функциялары:
    1) Бөлiм бiлiм берудің дамытудағы мемлекет саясатын жүзеге асырады, барлық мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң қызметiне бағыт- бағдар бередi, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ауданның әдiстемелiк кабинет, мектепке дейiнгi, мектеп тен тыс мекемелер мен интернаттар, күндiзгi және кешкi барлық үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектептер, қосымша бiлiм мекемелерiнiң жұмысын бақылап, қалыпты жұмыс iстеуiне жағдай жасайды.
  2. Бiлiм беру саласының аудандық, облыстық, республикалық  жоспарларын  iске  асырудағы бөлiмнiң  жұмысына  басшылық  ету, аудан  және  облыс әкiмiнiң шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, білім берудi  дамытудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу, аудан әкiмi шешiмi мен  нұсқауларын бiлiм беру бөлiмiн дамыту жүйесiмен құқтық қорғау ретiнде  басшылыққа өсу.
  3. Жәнiбек аудандық әкiмдiгiнiң аппаратына, облыстық бiлiм  басқармасына аудандық әлеуметтiк, экономикалық жағынан дамытудың  индикативтiк  жоспарын  құрамына  қарай  ұсыну, бiлiм бөлiмiнiң  материалдық-техникалық   базасын  нығайту, мамандар  даярлауды  әзiрлеу  және  ұсыну.
  4. Бөлiмнiң дамыту жүйесiнiң жағдайына сараптамалық талдау  жасау, оның даму тенденциясын айқындау, Қазақстан Республикасының бiлiм  жөнiндегi  заңдар жиынтығының  орындалуын  қадағалау,  мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бiлiм стандарттарының сақталуын қадағалау.
  5. Бiлiм берудiң мемлекеттiк  емес секторының, ақылы және қосымша  бiлiм  беру  және  өзге де  қызмет  түрлерiн  дамытуға  ат салысу.
  6. Жалпы орта бiлiм беру мазмұнының аймақтық-мектепшiлiк  құрамдас  бөлiгiн   дамытуға жағдай  туғызу үшiн  шара  қолданады.
  7. Жәнiбек аудандық әкiмдігіне аудандық мемлекеттiк бiлiм беру  мекемесiн облыстық  бiлiм басқармасы жоспарымен  келiсе отырып, ашу,  тарату,  көшiру  жөнiндегi ұсыныстар  түсiре алады, азаматтарды өз ана  тiлiнде оқытатын   мектеп,  класс,  өзге де оқыту  түрлерiн  ашуды  ұйымдастыра   алады,  ұлттық  дәстүр  мен  мәдениеттi,  шет тiлдерiн  оқытуды  ұйымдастырады.
  8. Аудандық көлемдегi бөлiмнiң басшы кадрларын iрiктеу мен  тағайындауды  iске  асырады.  Бөлiм мекемелерiнiң басшылығына   кандидатты  тағайындауда аудан әкiмiмен келiседi. Кадр мәселесiндегi қажеттiлiктi зерттеу жұмыстарын iске асырады, білiмдi педагог кадрлармен  толықтыруды, жас  мамандарды жергiлiктi жерге тұрақтандыруды, басшылық қызметке резерв   дайындауды iске асырады.
  9. Бөлiмнiң педагог кадрларымен және басшылармен өз бiлiмiн  жетiлдiрудi ұйымдастырады, қызметкерлердi белгiленген тәртiпте   аттестациядан  өткiзудi  ұйымдастырады.
  10. Педагогикалық және басшылық жаңашылдыққа сараптама  жүргiзедi, тәжiрибе  алаңын  ұйымдастырады,   аудандық  бiлiм  кәсiпорындарын   бақылау  тiзiмiн  белгiлейдi,  ғылыми  мекемелермен  бiрлесе iс-қимыл атқарады.
  11. Халықты  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мекемесiмен, өзге де мүдделi  мекеме,  ұжымдармен бiрлесе отырып, жастарға кәсiптiк бiлiм берудiң  аумақтық бағдарламасын әзiрлейдi және iске асырады.
  12. Бiлiм беру, оқу-тәрбие жұмысында санитарлық-гигиеналық  жағдайдың сақталуын қадағалайды, қызметкерлер арасында еңбек  және  техника   қауiпсiздiгiн сақтау жөнiндегi шаралар өткiзу, оқушы, жастар мен балалардың  өмiрi  мен денсаулығын сақтауды  қадағалайды.
  13. Жетiм, қамқорсыз қалған балаларды,  дене және ақыл-ой кемiстiгi  бар  балаларды  және өзге де мемлекеттен қамқорлық қажет ететiн балаларды  әлеуметтiк қорғау, құқығын қорғау, оларды оқыту мен тәрбиелеу, еңбекке  қалыптастыруды  ұйымдастырады.
  14. Аудандық білім беру қызметкерлері кәсiподағымен бiрлесе отырып, педагог кадрларды, оқушыларды, тәрбиеленушiлердi әлеуметтiк жағынан қорғаудың шараларын әзiрлейдi және Жәнiбек аудандық әкiмдiгiне ұсыныс енгiзедi.
  15. Бiлiм жүйесiнiң негiзгi қорларының дамуы мен жүзеге асуын сақтау жөнiнде шаралар қабылдайды. Жәнiбек аудандық әкiмдiгiне  бiлiм мекемесiнiң материалдық – техникалық базасын нығайту жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi,  түсiредi. Бiлiм мекемелерiн орталықтандырылған белгiленiп бойынша қаржымен  қамтамасыз етедi, мектеп оқулықтары мен оқу – әдiстемелiк әдебиеттерге  тапсырыс – жоспар әзiрлейдi.
  16. Аудан бюджетi бойынша бiлiм беру саласына бөлiнген қаржыландыру мен шығыстың жоспарының  сызбасын Жәнiбек аудандық әкiмдiгiне әзiрлейдi және табыс етедi, аудандық ведомстволық мекемелердi қаржыландыруды iске асырады, жалпыға ортақ бiлiм берудiң қорын қалыптастырады; бiлiм берудi дамыту мен қолдау қорын құрады, бiлiм мекемелерiндегi қаржыландыру – шаруашылық жағдайын бақылайды.
  17. Бiлiм мекемелерiнiң қаржыландыру – шаруашылық жағынан нығаюы мен дамуына көмектеседi, бiлiм берудi дамытуға ынталандыратын ұсыныстар мен салықтық жеңiлдiктердi әзiрлейдi.
  18. Ауданның бiлiм жүйесiнде ұйымдастыру - анықтамалық қамтуды ұйымдастырады, жаңа ақпараттық жүйесi құрады және дамытады, редакциялық – баспасөз шығармашылығын iске асырады.
  19. Бiлiм жүйiсiндегi үздiк қызметкерлердi мадақтауды iске асырады,  белгiленген жағдайда Үкiмет наградаларымен марапатталатын кандидаттарды және бiлiм саласының құрмет белгiлерiмен марапатталатын кандидатураларды ұсынады.
  20. Мамандарды алмастыруды ұйымдастырады iске асырады, шетелге оқуға бару үшiн оқушыларды iрiктейдi, шетелдiк делегаттарды немесе жекелеген шетелдiк өкiлдердi қабылдауды ұйымдастырады.
  21. Белгiленген Заңға сүйене отырып, азаматтардың ұсынысын, арызын, тiлегiн  қарайды, келушiлердi жеке жұмыстары бойынша қабылдайды.
  22. Көпшiлiкке өзiнiң қызметi жөнiнде жиi ақпарат берiп отырады, ақпарат  құралдарына бiлiм  мәселелерi  жөнiнде құлағдар етедi.
  23. Жәнiбек аудандық әкiмдігінің және облыстық бiлiм басқармасының алдында өз қызметi жөнiнде есеп бередi.
  24. Құқықтары:
    1)   Негiзгi заңдар жиынтығы мен осы қағиданың нормасына сәйкес, заңға  қайшылықсыз келелi iс – қимылдары iске асыруда шешiм қабылдауға.
    2) Облыс және аудан әкiмiнiң шешiмiне сай облыстық білім басқармасының, Бiлiм және Ғылым Министрлiгiнiң бұйрықтары мен өзге де нормаға сәйкес iс – қағаздарға байланысты бұйрық, нұсқаулар шығаруға.
  25. Аудан әкiмiне аудан көлемiндегi Қазақстан Республикасының заңына қайшы келетiн, бiлiм мәселелерiне байланысты мемлекеттiк басқарудағы жергiлiктi органдардың нормативтiк iс – қағаздарының шешiмiн өзгертуге, тоқтата тұруға ұсыныс түсiруге.
  26. Бiлiм және Ғылым Министрлігінің кәсiпорындарына ведомстволық қарасты мекемелердiң басшыларының бұйрығын, шешiмiн, нұсқауларын бұзуға, тоқтатуға.
  27. Аудан көлемiндегi бiлiм құзырында бiлiм мекемелерiнiң қызметiне байланысты жиындар өткiзуге.
  28. Басқарма бөлiмдерiне, ауданның өндiрiстiк бiрлестiктерiмен, бөлiмнiң өз қызметiн атқаруға қажет статистикалық, жоспарлы есептер алып отыруға.
  29. Бөлiм жанынан саланың әлеуметтiк дамуына әсерететiн бiлiмдiлiк, ғылыми – методикалық, спорттық және өндiрiстiк бiрлектiстер, шаруашылық – есептік орталықтар, фирмалар және өзге де ұйымдар мен мекемелер ашуға құрылтайшы болуға.
  30. Конференциялар, семинарлар, жарыстар, көрмелер өткiзуге, бiлiм бағдарламаларын даярлауға, жақын және алыс шетелдердiң бiлiм  бөлiмдерiмен тiкелей қарым –қатынас орнатуға және келiссөздер жүргiзуге.

  31. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
  32. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім бастығы жүзеге асырады.
                20. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    21. Мемлекеттік мекеме бастығының өкілеттігі:
    1)  Бөлiмге жүктелiнген мiндеттердi орындау үшiн жауап бередi, бөлiмге әр-түрлi құрылымдары мен  оған бағынышты мекемелер  мен өндiрiс орындарына басшылық жасайды.
    2)  Аудандық бiлiм беру жүйесiне бағынышты барлық мекемелер мен  ведомстволық бөлiмшелерге мiндеттi орындау үшiн бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер шығарады. Бөлiмге бағынышты ведомстволық ұйымдар мен құрылымдық бөлiмшелер жөнiнде нұсқауды бекiтедi, бiлiм бөлiмiнiң мiндеттерiн, iшкi тәртiп ережелерiн бекiтедi.
    3) Бөлiмге қарасты құрылымның штаттық кестесi мен құрылымын бекiтедi және өзгерiс енгiзедi, бөлiм қызметкерiлерiнiң жалақысын және үстеме ақысын белгiлейдi, оларға заңға сәйкес сыйлық берудi iске асырады.
    4) Несиенi бөлуге басшылық жасайды, шығыс сметасына қол қояды, қаржы документтерiне қол қояды.
    5) Бөлiм номенклатурасына жататын мамандар мен басшыларды, меңгерушiлердi тағайындайды және босатады, аудандық бiлiм мекемелерiнiң басшылығына кандидаттарды аудан әкiмiмен келiседi.
    6) Бөлiмнiң және оған бағынышты мекемелердiң алдыңғы қатарлы қызметкерлерiн марапаттайды, құрметтеуге ұсынады.
    7)  Еңбек тәртiбiн бұзған бөлiм және номенклатурадағы қызметкерлерге жаза қолданады, өзге де шара қолдана алады.
    8) Ауданның бiлiм саласының жағдайы мен дамуына байланысты мәселелердi шешу үшiн белгiленген тәртiпте кеңестер, жиналыстар, отырыстар, активтер өзге де шаралар өткiзедi.
    9) Ауданның басқа ведомостволарымен келiсе отырып қаулы, қарарларды, бiлiм  шеңберiндегi мүдделi жақтармен соның iшiнде шетелдiк әрiптестер мен iскерлiк қатынас жөнiнде шешiм қабылдайды.
    10) сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.
    Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
    22. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.
    23. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанында құрамында бөлiм бастығы /төраға/, бөлiм қызметкерлерi және мүдделi ведомоства қызметкерлерi бар кеңес құрылады. Кеңес құрамы аудан әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi.
  33. Кеңес дағдылы түрде өткiзiлетiн өз жиынында бiлiм  ауқымында бiртұтас мемлекеттiк саясаттық жүргiзу мен iске асырудың мәселелерiн қарайды. Кеңестiң шешiмi бөлiм бастығының бұйрығымен iске асырылады.
  34. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы осы ережеде қойылған басқару функциялары мен мiндеттердi шешудi iске асыру мүддесiн көздейдi. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанында заңды тұлға болып есептелiнбейтiн осы ережеге сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық әдiстемелiк кабинет құрылады.
  35. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
    26. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
  36. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
  37. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
    Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
    28. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік жергілікті коммуналдық меншікке жатады.
    29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  38. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
  39. «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.