«Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі» ММ

Бөлім басшысы

 Шарафутдинов Бекежан Биболатұлы

Телефоны:

 8(71135) 21-4-01

 

Бөлім мамандары
Мемлекеттік қызметкерлер

Аты-жөні

Лауазымы

Телефоны,  жұмыс телефоны

Садырбаев Нұрболат Мұхтарұлы

Бас маман

8 (71135) 21-1-82

Дуйсенбаева Гулмира Қанатқызы

Бас маман

8 (71135) 21-1-54

Харесова Бибигул Қасымқызы

Бас маман - есепші

8 (71135) 21-1-82

 

Мекеменің мекен-жайы

Телефон

Электронды адрес

Азаматтарды қабылдау кестесі

Бөлімнің жұмыс уақыты

БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы Ғ.Қараш көшесі №36

21-4-01
21-1-82

21-1-54

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Әр бейсенбі күні: сағат 15:00- 18:00-ге дейін

08:30-12:30
14:30-18:30
Сенбі, жексенбі демалыс күндер


1. Мекеменің құзыреті:

- Мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелерімен, жастар ұйымдарымен тығыз байланыс орнатуға;

- Өз құзыретіне сәйкес «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңның орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- Жергілікті атқарушы органдардан, меншік нысанына қарамастан ұйымдардан заңдардың, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпарат, мәліметтер, құжаттар сұратып алу;

- Ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық спорт түрлерімен бұқаралық спортты қайта жандандыруға, сақталуы мен дамуына ықпал етуге;

- Мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелерінің материалды-техникалық базаларын нығайту мен инфрақұрылымын дамыту барысында жұмыстануға;

- Аудан кітапханаларындағы кітап қорларын жасақтау мен сақталуын қамтамасыз етуге;

- Мәдениет, тарихи ескерткіштердің есебін жүргізу, қорғау мен оларды насихаттауға;

- Спорттың түрлері бойынша аудандық деңгейде жарыстар ұйымдастырады, жеңімпаздарын облыстық сайыстарға қатыстыруды қамтамасыз етеді, ауданның құрама командаларын жасақтап, дайындап облыстық жарыстарға қатыстырады;

- Төмендегіше спорттық разрядтармен категориялар тағайындап, береді: жасөспірімдерге арналған бірінші, екінші және үшінші разрядтар; екінші категориядағы жоғары және орта дәрежедегі квалификациялы жаттықтырушы; екінші категориядағы жоғары дәрежедегі квалификациялы жаттықтырушы-спортшы; екінші категориядағы орта және жоғары дәрежедегі квалификациялы әдіскер спорт жөніндегі төреші;

- Аудандық дене шынықтыру мен спорттың дамуы жөніндегі статистикалық және басқа да мәліметтерді талдау жасау арқылы облыстық атқару органдарына беріп отырады;

- Өзінен төмен тұрған буындағы дене тәрбиесімен спорт органдарымен ұйымдары басшыларының есебін тыңдауға;

- Өзіне тікелей байланыстағы спорт мекемелері басшыларының бұйрығының күшін жоюға, орындалуын тоқтата тұруға:

- Өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша конференция, кеңес, жарыс, көрме, алқа мәжілістерін ұйымдастыруға, спорттық бағдарламаларды, соның ішінде халықаралық жасақтауға қатысу, білім және спорт мекемелерімен іскерлік қарым-қатынаста тікелей байланысқа шығып келісім шарттар жасасу;

- Құзырындағы мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету, олардың білімдерін жетілдіруге ықпал ету;

- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мәдениет мекемелерінің халыққа ақылы қызмет түрлерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

- Мемлекеттік және басқа да тілдер мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыруға;

- Бөлімнің құзырына жататын белгіленген тәртіпте тұрғындардың хаттары мен арыздарын қарауға; жеке мәселелер бойынша  азаматтарды  қабылдауды ұйымдастыруға;

- Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері жөнінде шаралар өткізу, ұлттық-мәдениет бірлестіктердің ана тілдерін дамыту мәселелері бойынша  қызметтерін үйлестіруге ықпал ету;

- Өзінің қызметтік ақпараттық - анықтамалық анықтамаларын, қаттаулы кітапшаларын, әдістемелік  материалдарын шығаруға.

2. Мекеменің құзыретін, міндеттері мен функцияларын айқындайтын заңдар, нормативтік-құқықтық актілер:                                                         

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Мәдениет туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы”, Қазақстан Республикасының “Дене шынықтыру және спор туралы” Заңдарын, ҚР “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, аудан әкімдігінің қаулыларын, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық тілдерді дамыту және облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт  басқармасының құжаттарын, сондай - ақ мекеме Ережесін басшылыққа алады.  

3. Мекеменің қызметтік міндеттері:

  • ауданда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында мемлекеттік саясатты жүзеге  асыру.

мемлекеттік саясатты іске асыруда ауданда іс шаралар өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен нұсқауларын, аудан әкімінің шешімдерін, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық тілдерді дамыту басқармасының, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының іс-шаралар жоспарын қоғамдық-саяси, мәдени өмірінде жүзеге асыру жолындағы қызметтерін үйлестіру;

  • тілді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, оның орындалуын жүзеге асыру;
  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның орындалуына бақылау, оны бұзу фактілерін қарау және олар бойынша шешім қабылдау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген құзырет шегінде Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Заңының орындалу мақсатында ауданда іс шаралар өткізу;
  • салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық резервтер дайындау;
  • дене шынықтыру мен спортты дамытудағы мемелекеттік саясаттан туындайтын аймақтық бағдарламаларды дайындау мен жүзеге асыруға қатысу;
  • бөлім үшін заттарды мемлекеттік сатып алу мен қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • Қазақстанның даму стратегиясын насихаттау;
  • мәдениет, дене шынықтыру және спорт туралы іс-шаралар мен бағдарламаларды насихаттау мен жүзеге асыру бағытында жұмыстарды үйлестіру;
  • бөлімге қарасты кәсіпорындар мен мекемелерде мемлекеттік тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
  • Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;
  • Азаматтық хал актілерінің жазбасының ақпараттық жүйесін жүргізеді;
  • Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттық қызметтер көрсетеді.

 

4. Мекеменің негізгі мақсаттары:

1)  Ауданда мәдениет және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

2)  Мәдениет және спорт саласында ауданаралық қарым – қатынасты нығайту, тәжірибе алмасу;

3)  Бөлімге қарасты мекемелердің жұмысын қадағалау;

4)  Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен  нұсқауларын, облыс, аудан әкімінің шешімдерін, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық тілдерді дамыту басқармасының, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, облыстық әділет басқармасының іс-шаралар жоспарын қоғамдық-саяси, мәдени  өмірінде  жүзеге асыру жолындағы қызметтерін үйлестіру;

5)  Заңмен белгіленген басқа да фунцияларды орындау.

5. Мекеме ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі:

       1.Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

  1. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  2. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
  3. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру
  4. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  5. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  6. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  7. Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  8. Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  9. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.