Жәнібек ауданы облыстың оңтүстік – батыс бөлігінде орналасқан, Ресей Федерациясының үш ауданымен шекаралас жатқан аудан. Өңірдің ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік, инфрақұрылым салалары серпінді дамуда. Жылдан – жылға ауданда заман талаптарына сай келетін жаңа білім беру ошақтары, спорттық және мәдени – сауықтыру нысандары іске қосылып, жөндеуден өткізілуде. Елді-мекендердің келбеті көркейіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Ауданның оқушылары, спортшылары мен көркемөнерпаздары түрлі деңгейде ұйымдастырылатын байқаулар мен сайыстарда жоғары орындарға ие болуда.

Жәнібек ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік – экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға, өзін толғандыратын мәселелер бойынша ұсыныстар, сын – пікірлер беруге, сондай-ақ қойған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алады.

Бекітілген күнтізбелік жоспарға сай 2017 жылғы 27 қаңтарда аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттарының (таңдаушылардың)  Қамысты ауылдық округінің әкіміне кандидаттармен сайлауалды кездесуі өткізілді. Кездесу барысында кандидаттардың сенім білдірген адамдары депутаттарды кандидаттар Г.Т.Айткалиев, М.Н.Жаналиев және Б.А.Каракуловтың өмірбаяндарымен таныстырған болса, өз кезегінде аталған кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялады.

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы