Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

10 маусым күні Борсы ауылында «Туған жер» бағдарламасы аясында және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына» орай «Қараңғылықтың түнегін түрген шамшырақ» атты аудандық конференцияның оздырылды. Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов жүргізді.Оның жұмысына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ғұмар Қараштың есімін халыққа танытуда өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бері жұмыстанып, басына белгі қою ісіне ұйытқы болған Амангелді Уәлиев, Борсы ауылының ардагер ұстазы, ақын өлеңдерін жеткіншек ұрпаққа насихаттап жүрген Тамара Бекбосынова, ардагерлер, жастар қатысты. Конференция алдында шараға қатысушыларға «Айбынды Алаш арыстары» атты кітап көрмесі таныстырылды.

8 маусым күні ауданының орталығында «Туған жер» бағдарламасы аясында және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай еліміздің тәуелсіздігін аңсап, азаттық жолында күрескен жерлесіміз, ғұлама ойшыл, ақын, ұлт зиялысы Ғұмар Қараштың кіндік қаны тамған жері Борсы ауылында өткізілгелі отырған «Қараңғылықтың түнегін түрген шамшырақ» атты аудандық конференцияның аясында атты жорыққа аттанғалы отырған жерлестерімізді шығарып салу салтанаты оздырылды. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев Ғұмар Қараштың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Содан соң аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлы өткізілгелі отырған шаралардың бүгінгі тұсаукесер рәсімімен жиылған жұртшылықты құттықтады. Шараға қатысушылар «Алаш идеясы – қазақ идеясы» атты көрме инсталациямен таныстырылды. Жорыққа аттанушыларды ақ бата беріп шығарып салды.

7 мамыр күні аудандық орталықтандырылған кітапханада «Болашаққа бағдар» мақаласының, «Туған жер» бағдарламасы аясында Жәнібек топырағынан Ұлы Отан соғысына алынған Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 95 жасқа толуына орай «Қияда қанаты талмаған Хиуаз» атты танымдық шара оздырылды. Алдымен продюсер Мұрат Жәкібаевтің қанатты қыз туралы түсірген фильмі көрсетілді. Жергілікті облыс ақыны, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Мұнайдар Балмолданың Хиуаз Доспановамен сұхбаты негізінде жазылған «Қазақтың қанатты қызы» атты мақаласы негізінде және батыр қызға қатысты басқа да деректер кешке қатысушы Жәнібек колледжінің студенттері мен №1 ЖББОМ-ның оқушыларына жан-жақты ашылып слайд негізінде түсіндірілді. Ақпаратты-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен батыр қыздың өмірінен сыр шертер көркем әдебиеттерден жасақталған кітап көрмесіне шолу жасады.

2 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқтарын қорғау комитеті “Ұлттық сараптама орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Жәнібек аудандық бөлімшесінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ұжым болып талқылады

 

25 сәуір күні аудандық мәслихат аппараты ұжымында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды. Мақала бойынша мәслихат хатшысы Т.Кадимов қысқаша баяндама жасап, мақаладағы әр бөлімге тоқаталып қысқаша түсінік берді. Ұжым қызметкерлері өз кезектеріндк ойларымен бөлісті.

 

26 сәуір күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын А.Оразбаева мектебінің ұжым талқылады. Шарада директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дулат Закарин Мақсотұлы мақаланың мақсаты мен міндеттерін, басым бағыттары туралы айтып, мұғалімдер қауымына да артылар жүктің аз емес екендігін баяндады. Өз сөздерінде жарыссыөзге қатысушылар латын әліпбиіне көшу, патриотизмге тәрбиелеу, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Шара қорытындысында мектеп ұжымы Елбасының мақаласын бірауыздан қолдап, осы бағыттағы жұмыстарды жұмыла атқаратындықтарын айтты.

 

25 сәуір күні аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ұжымдарында талқылады. Мақала бойынша мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Салихова хабарлама жасады. Ұжым қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, мақаладағы жобалардың жүзеге асырылуын қолдайтындықтарын білдірді.