Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

19 сәуір күні Жәнібек ауданы әкімдігінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау бойынша жиын өткізіліп, оны аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев ашты. Жиынға КазИИТУ білім-ғылым кешенінің ректоры Әліби Баяхов, КазИИТУ білім-ғылым кешені аудит тобының басшысы Айболат Сейтақов, «Ресей ғарыш» журналының тілшісі Валентина Полетаева қатысып, Елбасының мақаласынан туындайтын жайттар мен «Батыс Қазақстанның зымыран тарихына-70 жыл» тақырыбының шеңберінде мәліметтермен бөлісті.

20 сәуір күні аудандық ардагерлер үйінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға бағытталған Бірыңғай республикалық күніне орай дөңгелек үстел оздырылды. Оған ардагерлер, жастар, қоғамдық келісім кеңесінің, аналар кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты. Шараға қатысушылар өз ойларымен бөлісіті. Осында шара барлық ауылдық округтерде де өтті

14 сәуір күні Жәнібек ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Н. Қарағойшиннің төрағалық етуімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған актив жиналысы оздырылып. Оған дербес бөлімдер мен мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында Наурызбай Қадырбайұлы баяндама жасады. Жиында аудан әкімі Елбасы ұсынған рухани жаңғыру идеясын жүзеге асыру мақсатында ауылдық округ әкімдеріне, аудандық ішкі саясат бөліміне, аудандық білім беру, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қабаш Жүнісов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нұралиев сөз сөйлеп, мақалаға байланысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Актив жиынын аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қорытындылады.