Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

7 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ауқымында облыстық «Ғұмар Қараш оқулары» шығармашылық байқауы оздырылды. Шара алаштың айбоз ұлы, Жәнібек жерінің төл перзенті, ақын, ойшыл, журналист Ғұмар Қараштың аудан орталығындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 киелі нысаны» тізіміне ауданымыздан енген ақын Ғұмар Қараш зираты болатын. А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жантөре Жанәбілұлы мектеп оқушыларын көрнекті ақын, ағартушы ойшыл Ғұмар Қарашқа биыл тұрғызылған кесенесін таныстыру мақсатында мектеп оқушыларымен саяхатқа шығып қайтты.