Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 100 кітап оқу жобасы аясында «Кітап оқуға үндеу күн тәртібінде» кітап көрмесі шығарылды. Көрмеге 100 кітап қойылды. 

Жәнібек ауданының Борсы ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының  ауқымында ауылдық округ әкімдігінің, шаруа қожалықтары жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Бірлігі бар елдің берекесі бар» атты жерлестер форумы өтті.

Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес «Туған жер» бағдарламасы аясында аудандық білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының тәрбиеленушілері Жәнібек ауданы Борсы ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан ұлы ойшыл, ғұлама, ақын Ғұмар Қараш кесенесіне барып қайтты.

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жәнібек ауданы орталығындағы №1 мектептің 1993 жылғы түлектері туған жерге 200-ден астам қарағай түптерін әкелген.