Ауылымызда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасының нәтижесіне қол жеткізу үшін, үш базалық жобалар іске асырылуда. Соның ішінде «Жомарт жүрек» базалық жобасы аясында, жастар арасындағы бұқаралық спорттың дамуына қол үшін беріп, туған жеріне деген сүйіспеншілігін игі істер арқылы білдіріп, демеушілік көрсетіп отырған ауылымыздың азаматы, белгілі кәсіпкер Фазылов Бауыржан Сайынұлы ауылымыздың белсенді жастарынан құралған футбол командасына арнап арнайы спорт киімін табыстады. Ауыл жастары атынанан Б.Сайынұлына алғысымызды айтамыз.