Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жердің тарихы, мәдениеті,діні,тілі, салт дәстүрі және әдет-ғұрпы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу рухани жаңғырудың басты қағидаларының бірі екенін атап көрсеткен болатын. Осыған орай 22қаңтар күні Тау модельді ауылдық кітапханасында «Құрсақ тойы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға болашақ аналар  мен  әжелер шақырылды. Аталған шараның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару. Шара барысында ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Р.Сағынаева тақырыпқа сай слайд көрсетіп. Тау модельді ауылдық кітапхана меңгерушіс Г.Газизова «Құрсақ той» дегеніміз не - жайлы баяндаса, Мәдениет қызметкерлері Б.Қарабасова, Ж.Темірғалиевтер «Ана» туралы әндерін шырқады. Шара соңында зейнеткер А.Құрмашева «Аман-сау болайық бәріміз»-деп ақ батасын берді.