Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс- деп Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап өткен болатын. Осыған орай 24 қаңтар күні № 1 мектеп-лицейінде оқушылардың қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында конференция оздырылды.

Шараның  мақсаты қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтары  туралы  мәліметтер беру.  Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту, ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде екендігін ұғындыру, түсіндіру. Конференция  барысында оқушылар мақаланың әр тарауын слайд арқылы таныстырып өтті. Содан соң қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.