«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламасы аясында Қамысты  ауылдық модельді кітапаханасында өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін байыту, мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, жергілікті ақындардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау бағытында 25 қаңтар күні  Р. Егізбаевтың туғанына 95 жыл   толуына  орай  «Ақын және Атамекен» атты кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында «Өмірі жалғасады өлеңімен» кітап көрмесі жасақталып, ақын туралы слайд көрсетілді. Шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу кешке  ақынның  туыстары шақырылды. Кеш барысында шараға  қатысушыларға  слайд арқылы ақынның өмірбаянымен таныстырылып, Р. Егізбаевтың Жәнібек ауданың басқарған  жылдары  аудандағы  елеулі өзгерістері туралы айтылды. Оқушылардың орындауында ақынның «Азамат сыры», «Дәрігер қарындасқа», «Ақжайықта», «Сағындым Шәрімбетті», «Атамекен»  өлеңдері жатқа айтылды.