Күйгенкөл модельді ауылдық кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ел экономикасын көтеруге, туған ауылының ауыл шаруашылығын дамытуға аянбай еңбек еткен, «Еңбек Қызыл Ту», Октябрь Революциясы» және «Еңбек Даңқы» орденінің толық иегері, асыл тұқымды мал семіртудің шебері Бәкиза Сыдықованың 85 жылдығына орай «Еңбек адамын ардақтайық!» атты тақырыптық кеш өткізілді.


Шараның мақсаты ел экономикасын көтеруге, туған ауылының мал шаруашылығын дамытуға аянбай еңбек еткен, Б.Сыдықованың өмірбаянын кейінгі жастарға таныстыра отырып жастарды еңбекке, отансүйгіштікке, еңбекке баулу.


Шараға Күйгенкөл ауылдық ардагерлер қоғамдық кеңесінің төрағасы,  ұстаздар және кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты.


Шара барысында тақырыпқа орай естелік суреттер, отбасының фото суреттері және өткен  іс-шаралардың фото суреттері топтастырылған слайд көрсетіліп, «Ауылым», «Асыл әже» әндерін орындалып, кітапхананың белсенді оқырмандары еңбек тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып берді.