8 ақпан күні Қамысты модельді ауылдық кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы аясында Кеңес Одағының батыры Е. Ниетқалиевтің 105 жылдығына орай «Ер үмітін ер сақтар» атты тақырыптық кеш оздырылды.

 

Кештің мақсаты:  Қамысты ауылының туған, Кеңес Одағының батыры Е. Ниетқалиевтің ғұмырынан, ерлігінен үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін оятып, Ұлы Отан соғысы кезінде жауға қарсы тұрып, ажал құшқан азаматтың өшпес ерлігін құрметтей білуге тәрбиелеу.


Салтанатты шараға ауыл әкімі апаратының қызметкерлері, кітапхананың белсенді оқырмандары, мәдениет қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар шараға Ерденбек Ниеткалиевтің туыстары шақырылды.


Кеш барысында Ерденбек Ниетқалиевтың өмір жолы мен Отан алдындағы ерлігі туралы слайд көрсетіліп,  кітапхана оқырмандары ерлік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, «Ер атанған Ерденбек», «Ерлігі мәңгі өлмейді» тақырыбында сахналық көріністер қойылды. 

.