8 ақпан күні Е.Ниеткалиев атындағы мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Батырдың  туғанына 105 жыл толуына және Кеңес жауынгерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай батырлардың өшпес ерлігін насихаттап, өнегелі өмірін еске алуға арналған «Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған, Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!» тақырыбында аудандық тарихи-өлкетану конференциясы ұйымдастырылды. Шараның бірінші бөлімінде аталмыш тақырыпта тарихи-өлкетану конференциясы болып өтті. Конференцияның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты ұлт жандылық пен отан сүйгіштік рухта тәрбиелеп, олардың бойында тәуелсіздікке, патриоттыққа, жаңа биіктерге ұмтылу құндылықтарын насихаттау, мемлекетіміздің төл тарихында ерекше орыналатын қаһарман батырларымызды танып білуге үндеу және өз ата-бабаларына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру болып табылады. 

Шараның екінші бөлімінде салауатты өмірсалтын насихаттау мақсатында және  «Жастар жылы» аясында аудан мектептері арасында спорттық биатлон жарысы оздырылды. Жарысқа М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ, Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ, № 1 мектеп – лицейі, Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ, Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ – нің жас спортшылары қатысты. «Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған, Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!» шарасының жабылу бөлімінде флешмоб ұйымдастырылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.