Күйгенкөл модельді ауылдық кітапханасында ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін насихаттау мақсатында  11 сәуір күні «Сананы серпілтер тың бастама» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

Шараға ауыл әкімі А.Успанова, Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ-нің тарих пәнінің маманы Ж.Меңдіғалиев және кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты. Кешті кітапхана меңгерушісі Ж.Ислямова жүргізіп, бірінші сөз кезегі ауыл әкімі А.Б.Успановаға берілді, кітапханашы Г.Утемисова «Ұлы даламыз - тарихи данамыз» тақырыбында баяндама жасады. 


Тарихшы Ж.Меңдіғалиев «Ұлы даланың жеті қыры» атты слайд шолуы арқылы Елбасыны мақаласын қарапайым тілмен тұшымды таныстырып өтті. 


Кітапхана меңгерушісі Ж.Ислямова «Рухани жаңғыру - ұлттық рухтың жаңғыруы», «Сананы серпілтер тың бастама» және қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған «Ұлы тұлғалар» туралы мәлімет беру бағытында жасақталған «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеге Қазақ тарихында өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі баршаға әйгілі болған, есімдері алтын әріппен жазылған Ұлы тұлғалар туралы мәлімет беретін әдебиеттер топтастырылған.


Кеш соңында кітапхана оқырмандарының арасында «Ұлы даланың жеті қырын қаншалықты білеміз?», «Рухани жаңғыру туралы не білеміз?» тақырыбында пікір алмасу тренингі ұйымдастырылды.