14 сәуір күні Ұзынкөл ауылдық округінде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру " бағдарламалық мақаласы аясында өскелең ұрпаққа салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында "Әжелер - көңілдің ажары, немере - өмірдің базары! " атты сайыс оздырылды. Сайысқа Негметова Мария әже немересі Мадинамен, Ажыгалиева Асылғаным әже немересі Айкөркеммен және Айткалиева Талшын әже немересі Рәзиямен қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, тиісінше "Дана әже, дарынды немерe", "Өнегелі әже, білімді немере", "Мейірбан әже, тапқыр немере" аталымдарына ие болды. Сайыс соңында сөз алған ауыл әкімі Маркс Меңдіғалиұлы әжелер мен немерелеріне жылы лебізін білдірді. Аталған шара барысында ауыл әншілері Аубекеров Елтай, Сарсенов Бауыржан және жас әншілер Уахитов Нұрсұлтан мен Шафхат Ұлданаш ән шырқады. 


Uzynkól aýyldyq okrýginde "Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý " baǵdarlamalyq maqalasy aıasynda óskeleń urpaqqa salt-dástúrdi dáripteý maqsatynda "Ájeler - kóńildiń ajary, nemere - ómirdiń bazary! " atty saıys ozdyryldy. Saıysqa Negmetova Marııa áje nemeresi Madınamen, Ajygalıeva Asylǵanym áje nemeresi Aıkórkemmen jáne Aıtkalıeva Talshyn áje nemeresi Rázııamen qatysyp, óz ónerlerin ortaǵa salyp, tıisinshe "Dana áje, daryndy nemere", "Ónegeli áje, bilimdi nemere", "Meıirban áje, tapqyr nemere" atalymdaryna ıe boldy. Saıys sońynda sóz alǵan aýyl ákimi Marks Meńdiǵalıuly ájeler men nemerelerine jyly lebizin bildirdi. Atalǵan shara barysynda aýyl ánshileri Aýbekerov Eltaı, Sarsenov Baýyrjan jáne jas ánshiler Ýahıtov Nursultan men Shafhat Uldanash án shyrqady.