16 сәуір күні Ғ.Қараш атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына орай ҚББП Асем Искакованың ұйымдастыруымен бірінші рет "Жайықтың ақ шағаласы" атты Ақұштап оқулары өткізілді. 


Мақсаты жерлес ақын Ақұштап Бақтыгерееваның өмірі мен шығармашлығын, еңбегін жеткіншек ұрпаққа таныту, насихаттау арқылы тұрған топырағымызды дәріптейтін арманшыл жасты інкәр сезімге, өз Отанын, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Поэзияға қызығушылығын арттыру, ақын өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеу.