Борсы ауылының Ғұмар Қараш атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай 25 сәуір күні 5-9 сынып оқушылары арасында мектебіміздің биология пәні мұғалімі Л.Абилованың ұйымдастыруымен «Қызғалдақ –Отанымның жүрегі» тақырыбында бірінші рет қызғалдақтар фестивалі өткізілді.


Негізгі мақсаты:.туған өлкеде өсетін қызғалдақ гүлінің отаны Қазақстан екенін мектеп оқушыларына жеткізу.Қазақстан эндемигі екенін түсіндіре отырып, олардың маңызын ашу.Фестивальға 5-9 сынып оқушылары қатысты.


Фестиваль төрт бөлімнен тұрды:

  1. Қызғалдақтар туралы эссе жазу.
  2. Қызғалдақ гүліне арнау.
  3. Қызғалдақ гүлінің макетін жасау арқылы жоба қорғау.
  4. Қалдықсыз өнім.

Әр сынып оқушылары өздеріне берілген тақырып бойынша эссе жазып, қорғап, өздерінің қызғалдақ гүліне арнаған арнауларын оқыды.Үшінші бөлімде қызғалдақ гүлінің макетін жасай отырып,жоба қорғады.Соңғы бөлімде қалдық заттардан пайдалы өнім жасай отырып, көрме ұйымдастырды.Әр бөлімнің аралығында қызғалдақтар туралы бейне роликтер көрсетіліп, қосымша мәліметтер беріліп отырды. Шара қорытындысы бойынша әр бөлім бойынша үздіктер анықталып,марапатталды.

  

.