14 маусым күні  ардагерлер үйінде аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы  мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті.

Онда №1 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әдемі Ахметова «Латын әліпбиіне көшу - тіліміздің жарқын болашағының кепілі» атты баяндама оқыса,  «Латын әліпбиіне көшудің себебі не?», «Оның қандай тиімді жақтары бар?», «Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?» және тағы да басқа қойылған сұрақтар бойынша аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мирас Иманғалиев, еңбек ардагерлері Қабаш Жүнісов, Карл Махашев, Ғайнөш Дегетаев, Меңсұлу Жұмақұловалар өз ой-пікірлерін білдірді.

Жиын соңында аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Аида Алпысова дөңгелек үстелге қатысушыларға «Тіл - тәуелсіздігіміздің биік тұғыры» атты кітап көрмесін таныстырды.