«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қамысты модельді кітапханасы «Ынтымағы жарасқан ырысты өңір» атты кездесу кешін оздырды. Шараның мақсаты: ауылда тұратын ұлт өкілдерімен таныстыру, олар туралы мәліметтер беру.Өскелен ұрпақтың бойына сіңірте отырып, туған өлкесін қадірлеу, құрмет тұтуға тәрбиелеу.


Шараға ауылдың ұлт өкілдері, ауыл ақсақалдары шақырылды. Ауылымызда қандай ұлт өкілдері тұрғанын, олардың қарым – қатынастары туралы оқырмандарға Турегалиева Клара –апамыз толық мәлімет берді. Есенгалиева Хабира- апамыз өзі туралы мәлімет беріп, башқұртша жырларын жырлап берсе,орыс халқының ұлт өкілі Старухина Надежда апамыз- келген оқырмандарға орыс халқының киімі, салт – дәстүрі, тағамдары туралы айтып, орыс халық биін орындап берді. Оқушылар достық, бейбітшілік туралы өлеңдерін жатқа айтып, қазақ, грузин билерін орындады. Шараға арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты көрмеге, ауыл тарихын бейнелеп көрсетілген «Туған жерге тағзым» атты слайдқа кітапханашы Г. Иксанова шолу жасады