20 маусым күні Білім басқармасы облыс әкімдігінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша 2019 жылдың 18 сәуірде облыс әкімі орынбасары Ғ.А.Оспанқұловтың төрағалығымен өткен кеңес отырысының хаттамасына сай білім беру мекемелерінде жазғы каникул кезінде ұйымдастырылатын лагерлерінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басым бағыттарын, соның ішінде негізгі принциптер бойынша өскелең ұрпаққа кеңінен түсіндіру мақсатында белгілі тұлғаның қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Атап айтсақ,"Рухани жаңғыру өзіңнен басталады" тақырыбында БҚО тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі, журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы М.Ғ.Фазыловамен кездесу оздырылды. Кездесу барысында М.Ғарифоллақызы демалушыларды музей ішімен таныстырып, Рухани жаңғыру бағыты бойынша атқарылып жатырған жұмыстарымен таныстырып, оқушыларды толғандырған сұрақтарына жауап берді.