«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тәрбие және білім» бағдарламасының «Саналы азамат» базалық бағыты бойынша аудандық "Балдаурен" жазғы демалыс лагерінде демалушы ұландарға  МТЖО-ның қосымша білім беру педагогы, «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Өтепберген Мақсат Манарбекұлы  «Робототехника» сабағын өткізді.

 

Лагерь демалушыларына роботты техниканың шығу тарихын,информатика, физика, математика пәндерімен байланысын,қарапайым роботтың құрылысын, жұмыс істеу принципін, бағдарламасын түсінідірді. Бұл тәсілдер мен дағдылар әрбір оқушыға  инженерлік, нұсқаушылық, шығармашылық идеяларды іске асыру және өз әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Робототехника оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға және практикалық тапсырмаларды шеше білуге ықпал етеді, сонымен қатар бұл жастарды техника арқылы жаңашылдыққа шабыттандыратын, бүгінгі күннің мәселелерін шешу үшін өз дағдыларын қолдануға, жағдайды талдауға шығармашылықпен ойлауға мүмкіндік беретін өте тартымды ғылым. "Робототехника" сабағында оқушылар роботтарға қызығушылық танытып, әр роботты қызметіне қарай басқарып көрді.