13 тамыз күні Ұзынкөл ауылдық округінде "Латын керуен" атты семинар-тренинг өткізілді. Аталған тренингке Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетiнiң педагогика ғылымдарының кандидаты Ажғалиев Марат Қайыржанұлы қатысты. Тренингке білім және медицина саласының  қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Қатысушылар семинар барысында тақырыпқа сай  сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.