Мал саны. 2018 жылдың 1-ші қаңтарына мал санының есебі:  ірі қара 38128 бас -  өсім 13 % , қой мен ешкі 66758 бас – өсім 9 %, жылқы 12350 бас – 8 % және түйе малы 105 бас  - өсім 9 % .

Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша үкімет тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көрсетіліп жатырған қолдаудың нәтижесінде ірі қара малдарының жеке тұрғындар шаруашылықтарынан ауыл шаруашылығы құрылымдарына қарай шоғырлануы байқалып, мал басының саны артуда. Барлық шаруа қожалықтар саны 340 болып, 2017 жылы 27 ШҚ жаңадан  тіркелді.  
Осы бағыттар бойынша ауданымыздың 186 шаруа қожалығы және 3 АШӨК-і жалпы 360 млн. 857,5 мың теңге субсидиясын алды. Осы бағдарламаларды  жыл бойы ауылдық округтарға шығып, түсінік жұмыстары мен семинарлар ұйымдастырылып, нәтижесінде субсидия алатын ШҚ-ның саны былтырғы жылмен салыстырғанда  8 %-ға өсіп отыр.      
Атап  өтетін болсақ,  2012 жылы 44 шаруа қожалығы – 45 млн., 2013 жылы 62 шаруа қожалығы - 92 млн., 2014 жылы 115  шаруа қожалығы – 180 млн., 2015 жылы 147 шаруа қожалығы 317,3 млн.тенге, 2016 жылы 164 шаруа қожалығы 306,8 млн.тенге, жалпы алғанда осы 5 жылда ауданымыздың шаруа қожалықтары 1 мрд.900 млн. теңгенің субсидиясын алды.
2017 жылы ауданымызда тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша 186 шаруа қожалығы және 3 ауылдық өндірістік кооперативтерін қосқанда 14064 бас аналық малы  496 бас асыл тұқымды бұқаларымен қамтылды,  22 шаруа қожалығы 10344 бас аналық қойларын 349 бас асыл тұқымды қошқарларымен қамтыды.  
Барлық ауыл орталықтарының жеке табындағы 4149 бас аналық малдары  149 бас асыл тұқымды аталық бұқаларымен қамтылды.    Ауданның 17923 бас аналық малын тұқымдық түрлендірумен  қамтып,  93 %-ға жеткіздік.
Жалпы жыл басынан 126 шаруа қожалықтары 556 бас асыл тұқымды ірі қара малдар, соның ішінде 341 бұқа және 215 бас қазақтың ақ бас қашарлары, 299 бас асыл тұқымды еділбай қощқарлары мен 7 бас асыл тұқымды кушум жылқысын сатып алды. Осы асыл тұқымды малды сатып алғаны үшін күні бүгін 95 %-на субсидиясы төленді.

Кооперацияны дамыту бойынша 11 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылған. Олар: Жәнібек - 1, Ақоба - 1, Ұзынкөл - 1,  Күйгенкөл - 2, Тау - 1, Борсы - 1, Талов а/о - 2 және Жақсыбай - 2. Соның ішінде 3-уі мал бордақылау бағыты бойынша (соның ішінде  мал бордақылау және тұқымдық түрлендіру бағытында «Мирхат и К» АШӨК, «Жәнібек Өрлеу» АШӨК, «Қайрат 86» АШӨК), қалған 8-і тұқымдық түрлендіру бағытында құрылған болатын. Соның ішінде 1 кооператив (Құрсай 77) жабылды, ал 3 кооператив түрлі себептермен жұмыс жүргізуі нәтижелі көрсеткіштерге жетпеуде. (Жақсыбай, Борсы және Күйгенкөл).
Тұқымдық түрлендіру бағытындағы 5 кооператив («Мирхат и К», «Жігер АГРО», «Қайрат 1986», «Ақоба-Бірлік», «Талов-452»,Достар86) шаруашылыққа қажетті 5927 га жер телімдері рәсімделіп, пайдалануға берілді. Аталған кооперативтерде ірі қара малының 41 бас асыл тұқымды бұқалары мен  681 бас аналығы тіркелген және 25 асыл тұқымды қошқарлар мен 750 бас аналық қойлары тіркелген.

Несиелер. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 4 ШҚ-ғы(Қоғалы, Байсал, Қараш және Сәния)    37,5 млн.тенге несиеге  қол жеткізіп, 7 бас асыл тұқымды бұқалармен және 189 бас аналық малдарын сатып алды. Жалпы, 2012 жылдан бері осы бағдарламалар  арқылы ауданымыздың 34 шаруа қожалығы 257,5 млн теңге несие алып, осыған 47 бас асыл тұқымды бұқалар және 1039 бас аналық малдары сатып алған.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2 ШҚ 12 млн. тенге несие алып, 17 бас асыл тұқымды қошқарлар мен 442 бас аналық қойларын сатып алды. («Жігер» ШҚ 364 бас, «Шалқар» ШҚ 78 бас)

«Құлан» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 1 ШҚ-ғы және 2 жеке кәсіпкер  181,64 млн. тенге   несиеге  қол жеткізіп, 187 бас аналық жылқыларын сатып алуды.(«КРС Агро» ШҚ, «Самат» ЖК, «Дезмсервис» ЖК).
Жәнібек кредиттік серіктестік арқылы биылғы жылы жалпы 16 млн.теңге несие алып, 90 ірі қара малдарын сатып алды. (ШҚ Қасен- 4 млн. 22 бас,  ШҚ Мирас – 4 млн. 22 бас, ШҚ Ертарғын – 4 млн. 23 бас, ШҚ Қараш– 4 млн. 23 бас)

Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша аудан биылғы жылы Ресей Федерациясына 1252 бас ірі қара малдары және 3205 ұсақ малдары шығарылды,немесе 186 тонна ет  экспортталды.

Жайылымдарды суландыру бойынша 28 ұңғымы және 10 шеген құдықтыры бұрғыланды, осының әзірге тек 27 ұңғыма және 9 шеген құдықтарына 55 млн 434 теңге көлемінде 30 шаруа қожалығы субсидия алды.
Мал қыстағы. Жәнібек ауданында мал азығын дайындау бойынша жоспардағы 104,330 мың тоннаның, 2017 жылдың 1-ші қазан айында  155317  га жер шыбылып, шығымдылығы 6,8 центнер құрады. Нақты 107,3 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 103 % орындалды. Аудан бойынша 107 қыстақ болса, соның күні бүгінге 45 пайызы электр желісімен қамтылса, 2017 жылы 2 ШҚ-лық 3 қыстаққа 3 күн батареясын және жел-қалақ станцияларын қондырды.  Жалпы қуаттылығы 20 квт құрайды. Болашақта қалған қыстақтарды баламалы энергия көзімен қамту жұмыстары жүргізілетін болады.

Техника алу.  Биылғы жылдың 12 айында машинатракторлық парктерді жаңарту бағытында ауданымыздың 29 шаруа қожалығы жалпы 39 бірлік ауылшаруашылық жаңа техникаларын сатып алды.
Бұлар, 12-трактор, 8 –пресс, 9 - кун, 2- тіркеме, 5-шөп шапқып және 4 дана басқа да қосындысы.
Осының ішінде 17 лизингтік техника.  (7-трактор, 6-пресс,2-тіркеме және басқа да қосындылары). 

Инвестициялық салымдарды субсидиялау бағыты бойынша ауылшаруашылығы техникаларын сатып алғандары үшін 34 шаруа қожалығы шығындарының 50 % өтеліп,  81млн 985 млн теңгесін қайтарып алды (2016 жыл – 76 млн. 956 мың, 2017 жыл – 81 млн 985 мың теңге). Жалпы алынған субсидия 147 млн 604мың теңгені кұрады.