Жәнібек аудандық
кәсіпкерлік бөлімінің 2018 жылдың 1 қаңтарына
атқарылған жұмыстары туралы

Жәнібек ауданы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарында 1850 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысуда. Өткен жылмен салыстырғанда (1814 адам)  2,0 % ға жоғары. Заңды тұлғалар – 44 бірлік, оның ішінде 218 адам, алдыңғы жылмен салыстырсақ (220 адам) 0,9  % ға кеміген.
Жеке тұлғалар 779 бірлік оның ішінде 1632 адам кәсіпкерлікпен шұғылдануда, өткен жылмен салыстырғанда (1594 адам) 2,4 % ға жоғары. Шаруа қожалықтардың саны, салық комитетіне тіркелгені 370 бірлік, өткен жылмен салыстырғанда (324 бірлік) 14,2 % ға көбейді.
Есепттік кезеңде жасалған жұмыстар көлемі 3 258 850,0 мың теңге көрсетеді, алдыңғы жылда (3 220 722,0 мың теңге) 1,2 % ға  жоғары.
Есептік кезеңінде өндірістік цехтардың жасалған көлемі 50768 мың теңге, алдыңғы жылмен салыстырғанда (50376 мың теңге)  0,8  % ға жоғарлады.
Бюджетке төлемақы есептік кезеңінде 42550,0 мың теңге шығарып алдыңғы жылдармен салыстырғанда (40020,0)  6,3 % ға көбейді.      
Есепттік кезеңде 208 жаңа жұмыс орны ашылды, ауыл шаруашылығы бойынша – 138 сауда бойынша – 27, құрылыс бойынша – 2, көлік және байланыс бойынша – 1, денсаулық сақтау -1, басқа салаларда – 39. Өткен жылмен салыстырғанда (155 жаңа жұмыс орны) 34,2  % ға жоғары.
Ауданда сауда саттық орындары және тұрмыстық қызмет көрсету бойынша барлығы: 13 сауда үйі, 110 дүкен, 1 – супермаркет, 3 -мейрамхана, 16 -кафе, 4 -асхана, 4 -дәріхана, 3 -жанармай құю бекеті, 5- шаштараз, 2- киім тігетін орын, 2 -телефон жөндеу, 1 -монша-сауна, , 3 -техниқалық көрсету бекеті, 1 -базар қызмет көрсетіп тұр.
Ауданымызда есептік кезенде 3 - азық-түлік және шаруашылық дүкені, , 1 – кафе, 1- техниқалық қызметтер көрсету кешені  іске қосылды.
2018 жылдың 1 қаңтарына аудандық кәсіпкерлік бөліміне несие алу жөнінде 75 адам кеңес алды. Бөлімнің ұйымдастырумен аудан орталығында және бүкіл округтерде әр- түрлі тақырыпта дөңгелек үстелдер, көшпелі семинарлар, қоғамдық кәсіпкерлердің кеңестері, аудан әкімінің кездесулері бірнеше рет өткізілді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының 1 бағыты (пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру және кепілдік беру)  бойынша 2017 жылдын маусым айында  «Болашақ» ЖК-нің  басшысы Ситкереев Азамат  Жәнібек ауылдық округінен – жалпы 8 млн. тенгеге құрайтын автокешенді іске қосу 2 жобасы аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданып несие алынды.
Бөлімнің ұйымдастыруымен аудан орталық базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын нарықтық бағалардан төмен сату мақсатында 2017 жылдың маусым айынан бастап 23 ауылшаруашылық жәрмеңкелер өтті. Жәрмеңкеде бүкіл ауылдық округтердің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін өнімдері Ет – 7,5 т., сары май – 0,4 т.,мал азығы -140 т., бақша өнімдері – 17,0 т. өткізілді.
Бөлімде тұрақты түрде азық-түлік және жанар-жағармай бағалар мониторингі жұмыстары  жүргізліп, апта сайын Facebook әлеуметтік желіcіндегі бөлімнің парақшасында жарияланады.
Ауданда бөлімнің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін  жылжыту, ақпараттық-имидждік жұмыс, көрмеге барушыларды  тарту және билеттерді сату жұмыстары жүргізілді. Есептік кезеңде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 701 аудан тұрғыны қатысты.         

 

 

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:                              Р.Бигалиев


Жәнібек ауданы бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына 1403 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысуда. Өткен жылмен салыстырғанда (1366 адам) 102,7% ға жоғары. Заңды тұлғалар 40 бірлік, оның ішінде 212 адам, алдыңғы жылмен салыстырсақ (208 адам) 101,9 % ға жоғары. Оның ішінде 37 мекеме қазіргі уақытта жұмыс жасап жатыр. Жеке тұлғалар 770 бірлік оның ішінде 1191 адам кәсіпкерлікпен шұғылдануда, өткен жылмен салыстырғанда 110,9 % ға көбейді. Шаруа қожалықтардың саны, салық комитетіне тіркелгені 303 бірлік, өткен жылмен салыстырғанда (295 бірлік)  102,7%-ды құрайды.  Есептік кезеңде жасалған жұмыстар көлемі 3091384,0 мың теңге шығарды, алдыңғы жылмен салыстырғанда (2881066,9 мың теңге) 107,2% -ға өскен. 2015 жылдың есебі бойынша өндірістік цехтардың жасалған көлемі 49661 мың тенге, алдыңғы жылмен салыстырғанда (46217 м.т.) 107,4% ға өсті. Бюджетке төлемақы 2015 есептік кезеңінде 37715,7 мың теңге шығарып алдыңғы жылдармен салыстырғанда (34826,1) 108,2 % ға көбейді.

 

2015 жылда 47 адам жалпы 196,7 млн. теңге несие алып, 2014 жылмен салыстырғанда (48 адам  179,9 млн. тенге) 109.3 % өсті. Бұл несиелер «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту  - 2020» мемлекеттік бағдарламаларымен және басқа да қаржы институтар арқылы алынды.

 

Өткен жылда 152 жаңа жұмыс орны ашылды, ауыл шаруашылығы бойынша - 67, сауда бойынша - 48, көлік және байланыс бойынша - 16, құрылыс бойынша- 2. басқа қызмет түрлерінде - 19. Бұл көрсеткішті 2014 жылмен салыстырғанда (120 жаңа жұмыс орны) 126,7 % артты.

 

Сауда саттық орындары және тұрмыстық қызмет көрсету бойынша барлығы: 13 сауда үйі, 79 дүкен және 14 дүнгіршек, 2 мейрамхана, 11 кафе, 4 асхана, 9 дәріхана, 3 жанармай құю бекеті, 5 шаштараз, 2 киім тігетін орын, 1 телефон жөндеу, 1 монша-сауна, 3 көлік жөндеу бекеті, 1 базар. Ауданымызда есептік кезенде  (үш) азық-түлік және шаруашылық дүкені,  көлік жуу бекеті, кафе ашылды.

 

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ЖК «Арус» Абдрахманова Аяжан Талов ауылдық округінен «Биогумус өндіру үшін калифорниалық құрттарды өсіру» жобасымен  1,1 млн. теңге мемлекеттік грантқа ие болды.

 

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бойынша 2015 жылдын желтоқсан айында  «Жасмина» ЖК Нысанбаев Алмаз  Жәнібек ауылдық округінен -12,4 млн. теңге., және  «Динол» ШҚ Рахметова Бактығаным Жақсыбай ауылдық округінен - 4 млн. теңгеге жобалары бекітіліп несие алынды.

 

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының мүгедек кәсіпкерлерге арлалған «Жұлдыздарға қара» бағдарламасы арқылы  Мулдашева Назымның жобасы  300 мың теңге сертификатына ие болды.

 

2015 жылдың 1 қаңтарына аудандық кәсіпкерлік бөліміне несие алу жөнінде 115 адам кеңес алды.

 

Жылдың әр тоқсанында аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлердің қоғамдық кеңесі өтілді.

 

Бөлім ұйымдастырумен 2015 жылдын ақпан айында «Тамшылап суландырумен қатар баубақша жылыжай жөнінде ауданаралық дөнгелек үстел өтті. Дөнгелек үстелге көршілес Казталов, Бөкейорда ауданынын кәсіпкерлерімен бірге РФ Волжский қаласындағы «Солнце и ветер» компаниясы қатысуымен өтті.

 

Бүкіл ауылдық округтерінде тоқсан сайын мемлекеттік шагын бизнесті қолдау жағынан бағдарламалармен,түсіндірме жұмыстары, семинарлар жүргізілді.

 

Бөлімде тұрақты түрде азық-түлік және жанар-жағармай бағалар мониторингі жұмыстары  жүргізледі.

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын бағаларын асырмау бағытында және аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарға қолжетімді бағамен сату мақсатында 200-ден астам адам аудан бойынша  600 литр сұйық май және 1,5 тонна күрішпен қамтылды.

 

Бөлімнің ұйымдастыруымен аудан орталық базарында  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын бағаларын асырмау мақсатында шілде айынан бастап қазан айына дейін 19 ауылшаруашылық жәрмеңкелер өтті.  Бұл жәрмеңкелерде нарықтық төмен бағаларына барлық  ауылдық округтерден сиыр еті - 4,8 т., қой еті - 2,2 т., қой басы - 76,сүт өнімдері- 1,1 т., көкөністер - 6,2 т.