Тұрғын үй құрылысы
Жәнібек ауылында 2017 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 104 пәтердің құрылысы бастау алды, яғни, 3 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысы және 2 пәтерлі 40 тұрғын үйдің құрылысы. Сәуір айында 3 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылды. Осы құрылыс нысанына Ұлттық қордан 118 974 915 теңге және жергілікті бюджеттен 13 219 435 тенге қаржы бөлінді. Бір пәтердің ауданы 53 м², жалпы бір үйдің ауданы 160 м² құрайды. Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталып, нәтижесінде 1280 шаршы метр пайдаланымға берілді және 24 пәтерге жергілікті атқарушы органның тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қоныстанды.
Сонымен қатар маусым айынан бастап Жәнібек ауылының шығыс және батыс бағытында 2 пәтерлі 40 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы алғанда күні бүгінге 26 пәтердің қабырғасы тұрғызылып, 14 үйдің төбе жабындары жабылып, 5 үйдің төбе жабындарының қаңқасы тұрғызылған.6 үйдің іргетасы құйылды. 2017 жылы аталмыш объектілерге жергілікті бюджеттен 230 321 000 тенге бөлінді және толығымен игерілді.  2018 жылға құрылыс жұмыстарын жалғастыруға жергілікті бюджеттен 354 634 000 тенге бөлініп отыр. Салынып жатырған тұрғын үйлердің біреуінің ауданы 190 м² болса, бір пәтердің ауданы 71 м² құрайды. 2 пәтерлі 40 тұрғын үйдің құрылысы 2018 жылы аяқталып 7600 шаршы метр пайдаланымға беріледі және жергілікті атқарушы органның тұрғын үй кезегінде тұрған 80 отбасы баспанамен қамтылады.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы
Жыл басынан 3 пәтерлі 8 тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының (газ, ауыз су, электр желісі және кәріз жүйесі) құрылысы жүргізілді. Осы екі нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 24 700 938,50 тенге және жергілікті бюджеттен 2 744 548,7 тенге бөлінді. Қазіргі уақытта екі объектіде пайдаланымға беріліп, тұрғындар игілігіне қызмет атқаруда.
Сондай-ақ Жәнібек ауылының шығыс бағытында салынып жатырған екі пәтерлі 20 тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы басталды күні бүгінге ауыз су құдықтары орнатылып,ауыз су және газ құбырлары тартылды. ГРПШ орнату жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы құрылысына 25 млн.тенге қаражат бөлініп толығымен игерілді. 2018 жылға 55 755 000 тенге бөлінді.

Ауыз су құбырының құрылысы
2016 жылдың қараша айынан бастап «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жәнібек ауылында ауыз су құбырын қайта құру жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 498 634 449 тенге бөлініп, толығымен игерілді. Қазіргі уақытта 55 шақырым ауыз су құбыры салынып, 800 тұрғын үй жүйеге қосылды, сонымен қатар жаңадан 50 мᶾ су қысымды мұнара, 500 мᶾ резервуардың, насосты станциясының құрылысы салынды.  Нысан тәуелсіздік күніне орай пайдаланымға берілді.
2017 жылдың сәуір айында Қамысты ауылындағы ауыз су құбырын қайта құру жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 249 735 702 тенге бөлініп, толығымен игерілді. Құрылыс жұмыстары бойынша 21 шақырым ауыз су құбыры салынып, 314 тұрғын үй жүйеге қосылды. Жаңадан 50 мᶾ су қысымды мұнара, дизельді электростанция, су тазартқыш және насостар орнатылып, 500 мᶾ резервуар жөнделді, өзге де құрылғылар жаңартылып, айналасы аббаттандырылды. Күні бүгінге нысан іске қосылып, пайдаланымға берілді.
Тағы да айта кететін жақсы жаңалық – күні бүгін Ақоба және Талов ауылдарында ауыз су құбырының құрылысын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. 2018 жылға құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 454 720 000 тенге қарастырылып, бөлінді. Яғни, бұл ауылдардың тұрғындарын 2018 жылы таза ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз.

Әлеуметтік нысандар құрылысы
Тамыз айында Жәнібек ауданының Ақоба ауылында орналасқан жалпы білім беретін орта мектептің спорт залының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 61 890 970 тенге бөлініп, толығымен игерілді. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, нысан пайдаланымға берілді.

Гидротехникалық құрылымдарды жөндеу
Шілде айында, тапсырыс берушісі БҚО құрылыс басқармасы болып табылатын, Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің Ащыөзек өзенінен Әбділман және Соркөл жайылмаларын реконструкциялау нысанының құрылыс жұмыстары жүзеге асырылды. Мердігері «ОралСтройИнвест» ЖШС. Құрылыстың құны 393 853 000 тенге. Құрылыс барысында Әбділман және Соркөл жайылмаларының жағалары кеңейтіліп, плиталар төселіп, дамбалар орнатылды, каналдар кеңейтіліп тазартылды, суағызу құрылғысы орнатылды.  Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, нысан пайдаланымға берілді.

Жобалық-сметалық құжаттамалар
2017 жылы «Жәнібек ауданы Тегісшіл елді-мекеніндегі ауыз су құбырының құрылысы», «Жәнібек ауданы Майтүбек және Жұмаев елді-мекендерінде орналасқан әлеуметтік сала нысандарын газдандыру» және «Жәнібек ауданы Өнеге елді мекенінде орналасқан әлеуметтік сала нысандарын газдандыру» нысандарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталды. 2018 жылдың наурыз айына дейін жобалық сметалық құжаттамаларды сараптамадан өткізу жоспарлануда.