Хабарландырулар

Батыс Қазақстан облысының Әкімі А.С.Көлгіновтің бекітуімен «Салықтарды жинауды арттырудың жол картасы» бағдарламасы жасалды.
«Салықтарды жинауды арттырудың жол картасы» бағдарламасының мақсаты - бюджетке түсетін салықтардың толықтығын қамтамасыз ету және көлеңкелі экономикамен күрес жүргізу.
Бағдарлама келесі бағыттарға негізделген: салық органдарында тіркелмей жүрген салық төлеушілер мен кәсіпкерлік нысандарын анықтау және табысын жасырып, жалдамалы жұмысшыларын көрсетпей жүргендерді анықтау.
Барлық шараларды облыстағы мемлекеттік кірістер органдары 28 мемлекеттік және уәкілетті органдармен бірлесе отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік және уәкілетті органдардан алынған салық салу нысандарына мәліметтерге сараптама мен  талдаулар жүргізіліп, салық заңдылықтарын бұзу фактілері анықталса, Қазақстан Республикасы салықтық және әкеімшілік заңнамаларына сай мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушіге хабарламалар жолдап, әкімшілік шаралар қолданылады.
Осыған орай, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерді салық заңдылықтарын орындауда жауапкершілік танытуды, сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттер жайлы фактілерді (заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан, бақылау-касса машиналарын қолданбаған, еңбекақыны «конвертпен» берген, күдікті акциздік товарларды сатқан) хабарлау арқылы көлеңкелі экономикамен күресуде белсенділік танытып, басқармаға хабарлауыңызды сұраймыз.

 

 

        
         Жәнібек ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылдың 27 қаңтарындағы № 30 бұйрығымен «Асыл тұқымыды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ережесі бекітілді. Осы бұйрықтың  1 тарауының 8-ші тармағына сәйкес, «Жәнібек аудандық ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарынан асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидия алуға тиісті негіздердің туындуына қарай 2018 жылдың  20 қаңтарынан бастап өтінімдерді қабылдау басталытындығы туралы хабарлайды.
Мекен-жайымыз: Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Мажитов көшесі № 203, «Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Байланыс телефондары: 8 (71135) 21-361, 21-142.

 «Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жәнібек ауылы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары даярланып жатырған келесі жобаларды сараптамадан өткізу мақсатында Қоғамдық тыңдау өткізілетінін  хабарлайды:

  1. «БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы Абай көшесін күрделі жөңдеу»;
  2. «БҚО, Жәнібек ауданы; Жәнібек ауылы Байтұрсынов көшесін күрделі жөңдеу»;
  3. «БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы Өтемісов көшесін күрделі жөңдеу»;
  4. «БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы Мусин көшесін күрделі жөңдеу»;
  5. «БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы Мажитов және Абдрахманов көшелерінде орналасқан автомобиль жолдарын күрделі жөңдеу»;
  6. БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы Жәнібек-Талов-Кіші-Өзен автомобиль жолының 0-2 км аралығын күрделі жөңдеу» (Чурин көшесі);
  7. «Жәнібек ауылының солтүстік бөлігіндегі 9 жаңа көшеге автомобиль жолының құрылысы»;
  8. «Жәнібек ауылының солтүстік бөлігіндегі 9 жаңа көшеге салынатын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы»;
  9. «Жәнібек ауылы Д.Нұрпейісова көшесіндегі екі пәтерлі 20 тұрғын үйге жаяу жүргіншілер жолының құрылысы»;
  10. «Жәнібек ауылы Д.Нұрпейісова көшесіндегі үш пәтерлі 8 тұрғын үйге жаяу жүргіншілер жолының құрылысы»

Өтетін орны: Жәнібек ауылы, Иманов көшесі, 119 үй, «Нұр Отан» Жәнібек аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залы. Өтетін күні: 15.12.2017жыл, сағат-15.00.

Жобамен Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, Жәнібек ауылы, Мажитов көшесі 203 мекен жайы бойынша танысуға болады. Тел:22202,22058. Электрондық мекен жай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Елбасының тапсырмасына сәйкес елімізде Қазақстан Республикасының  қылмыстық және іс жүргізу процестері заңдылықтарын жаңғырту бойынша көптеген іс шаралар жүргізілуде.

Жаңғыртудың жаңа кезеңі қылмыстық қудалау процестерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, азаматтардың құқықтарын сақталуына және қылмыстық процестің шынайылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған өзгерістер бірінші кезекте азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімділігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік негіздерін жаңарту заңнамалық актілеріне енгізілетін қосымшалармен толықтырулар келесі 5 негізгі бағытты қамтиды:

- адам құқығын қорғауды нығайту;

- тараптардың жарыспалылығын арттыру, қорғаушылардың құқықтарын арттыру;

- тергеу процессін жеңілдету және оны үнемділігін қамтамасыз ету,

- соттық бақылауды кеңейту;

- сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында құзыреттілікті нақты бөліп оның қайталануын болдырмауға бағытталған.

Заң жобасы азаматтар үшін маңызды мәселелерді реттейді.

Олардың ең бас згерістерін атап өтсек:

1.Азаматтарды сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту ұсынылып отыр. Ал кәмелетке толмағандарды 24 сағаттан артық ұстауға болмайды.

48 сағат сот сакциясынсыз ұстау–бұл әлемдік тәжірибеде қолданылып келеді.

72 сағат ұстау тек қана келесі қылмыстар бойынша қолданылады:

- аса ауыр қылмыстар;

- террористік немесе экстремистік қылмыстар;

- қоғамдық ретсіздік;

- ұйымдасқан топтар;

- есірткі заттарының айналымы, өлімге алып келетін қылмыстар.

2.Экономикалық қылмыстар бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылмайды.

Аталған қылмыстар адамдардың өміріне қауіп төндірмейді. Сонымен бірге, жалған ақша жасау, контрабанда, қаржылық пирамидалар және ұйымдасқан қылмыстық топтар, рейдерлік қылмыстары бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылады.

Бұдан бөлек, салықтық тексеру актісі немесе ревизия қорытындысы, жасалған мәміленің жалған екендігін растайтын сот шешімі болмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға болмайтындығы туралы норманы заңнамалық актіден Кодекске енгізіледі.

3.Қылмыстық істерді тергеудің электронды форматқа көшуі.

Бағдарлама қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкім орындалғанға дейін.

Бұл өзгеріс тергеушілердің жұмысын жеңілдететіні белгілі. Бұрын соттың санкциясын 3 тәулік күтсе, енді бірнеше сағатта алуға болады.

Әр жүйеге кіру, тергеушінің әрбір әрекеті компьютермен қадағаланады. Жаңа жүйе өзгерістер мен жалған мәліметтерді енгізуге жол бермейді.

2018 жылы барлық құқық қорғау органдарының аталған жобаға көшуі жоспарланған. Экономикалық тергеу қызметімен бүгінгі таңда аталған жобаға өту бойынша техникалық жұмыстар ұйымдастырылды. Жаңа өзгерістер прокуратура органдарының бастамасымен іске асырылуда, біз бұл жобаны толық қолдаймыз және прокуратурамен бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз.

Жалпы, электронды қылмыстық іс Елбасының цифрлық жүйеге өту тапсырмасына сәйкес келеді.

Жәнібек ауданы бойынша

 Мемлекеттік кірістер басқармасы