«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (шетелдіктердің қатысуынсыз) шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну бойынша конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа келесі жер телімдері шығарылады:

 

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурс қорытындылары шығарылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жарияланады. Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы 8 шілде.
Конкурсқа қатысушылардың конверттерін ашу және конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы  2018 жылғы 11 шілдеде  сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы Ғ.Қараш көшесі, №61 үй мекенжайда орналасқан Жәнібек ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында өтеді.
Конкурсқа байланысты қосымша деректерді (қатысу шарттары, конкурстық құжаттама және т.б.) Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы А.Иманов көшесі, №71 үй мекенжайда орналасқан «Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ (1 қабат) алуға болады,.
Байланыс телефон: 8(711-35) 2-23-55

Конкурстық комиссия