№_1_________14.01.201.

ҚАУЛЫ

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды 2015 жылғы 29 наурызға тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағы және 113-баптарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Келесі сайлау округтері бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2015 жылғы 29 наурызға тағайындалсын:

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына:

- № 27 облыстық сайлау округі бойынша;

Жәнібек аудандық мәслихатына:

- № 12 Талов сайлау округі бойынша;

Казталов аудандық мәслихатына:

- № 1 Казталов сайлау округі бойынша;

Қаратөбе аудандық мәслихатына:

- №2 Егіндікөл сайлау округі бойынша;

Шыңғырлау аудандық мәслихатына:

- № 11 Привокзал сайлау округі бойынша.

2. Сайлау округтері және сайлау учаскелерінің шекаралары мен орталықтары бұрынғы шекарасында қалдырылсын.

3. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарына кандидаттарды ұсыну 2015 жылғы 29 қаңтардан 28 ақпанға дейін жүргізілсін.

4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарына кандидаттарды тіркеу 2015 жылғы 29 қаңтардан 4 наурызға дейін жүргізілсін.

5. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті 2015 жылғы 5 наурызда басталып, 27 наурызда жергілікті уақытпен сағат 24.00-де аяқталады.

6. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін және ол сайлаудың өткізілуін қамтамасыз ету үшін аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын.

7. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Облыстық сайлау

 

комиссиясының төрағасы                                                Ғ.Қапақов