Әкімдерді сайлау

2017 жылғы 7 тамызда өткізілген Жәнібек ауылдық округі әкімінің сайлауына аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 8 депутат-таңдаушы қатынасты.

Кандидаттарға берілген дауыстар төмендегіше болды.

Айткалиев Гибрат Талгатович – бірде-бір таңдаушының дауысына ие болмаған.

Бигалиев Роберт Галлемович – 1 таңдаушының дауысына ие болған.

Кабдисалиев Мустахим Кенжебаевич – 7 таңдаушының дауысына ие болған.

Жоғарыдағы негізінде дауыстарды санау нәтижелері бойынша ең көп дауыс алуына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кабдисалиев Мустахим Кенжебаевич Жәнібек ауылдық округінің сайланған әкімі болып саналсын деген шешім қабылдады.

 

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Бекітілген күнтізбелік жоспарға сай 2017 жылғы 2 тамызда аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттарының (таңдаушылардың) Жәнібек ауылдық округінің әкіміне кандидаттармен сайлауалды кездесуі өткізілді. Кездесу барысында кандидаттардың сенім білдірген адамдары депутаттарды кандидаттар Г.Т.Айткалиевтың, Р.Г.Бигалиевтың және М.К.Кабдисалиевтың өмірбаяндарымен таныстырған болса, өз кезегінде аталған кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялады. Сондай-ақ кандидаттар депутаттардың сауалдарына жауап берген болатын.

 

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 (комиссия атауы)

2017 жылғы 25 шілдедегі №3

қаулысымен бекітілді

 

2017 жылғы 8 қыркүйекке тағайындалған

Жәнібек 

   (аудан, қала атауы)

Ақоба ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары

 

  1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.

(11 т.)

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей.

 

(9 т. 1, 7 тармақшалар)

 

  1. 3. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына тиісті әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.

 

Аудан (қала) әкімі.

Сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2017 жылғы 9 тамыздан басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2017 жылғы 14 тамызда сағ. 24.00. аяқталады.

( 13, 14, 15 т.)

 

  1. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.

Аумақтық сайлау комиссиясы тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.

Дауыс  беру  күніне  7  күн қалғанда – 2017 жылғы  1 қыркүйекте

(9 т. 1, 7 тармақшалар, 48 т.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.

 

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Үш күннің ішінде. 

(12, 17 т.)

 

  1. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2017 жылғы бірінші тамыздағы табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тіркелгенге дейін. 

(18 т.)

 

  1. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады  және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда – 2017 жылғы24 тамызда сағ. 24.00. аяқталады.  

( 20, 24 т.)

 

  1. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7-ші күннен кешіктірмей.

(22 т. 1 тармақша)

 

  1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннің ішінде.

(19 т.)

 

  1. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.

(33, 34 т.)

 

  1. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру. Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(9 т. 1, 7 тармақшалар)

 

  1. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi – 2017 жылғы 6 қыркүйекте жергілiктi уақыт бойынша 2400 сағатта аяқталады.

(28 т.)

 

  1. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде. 

(9 т. 1, 7 тармақшалар)

 

  1. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

                                      Аумақтық сайлау комиссиясы. 

                                      Кандидат тіркелгеннен кейін.

(9 т.  1, 7 тармақшалар)

 

  1. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

(52 т.)

 

  1. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Бір күннің ішінде - 2017 жылғы 8 қыркүйек 

( 47-54 т.)

 

  1. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде – 2017 жылғы 13 тамыздан кешіктірмей.

(57 т.)

 

  1. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.

Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей  - 2017 жылғы 13 қыркүйектен кешіктірмей.

(44 т.)

 

  1. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірмей – 2017 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

(59 т.)

 

Ескертпе: Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату» қағидалары нормаларына сілтемелер жасалды.

Орналасқан орны: Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі, №36 үй

Аудандық мәдениет үйінің ғимараты

Анықтама телефоны: (871135) 2-23-55

 

Куаналиев Биржан Кайргалиевич

Комиссия төрағасы

Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Кенжегалиев Жаныбек Мертенович

Комиссия төрағасының орынбасары

Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Ибатов Миранбек Нурланович

Комиссия хатшысы

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы

Кусаинов Аскар Урынгалиевич

Комиссия мүшесі

Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі

Наурзалиев Абылай Саматович

Комиссия мүшесі

Жәнібек аудандық мәслихаттың бас маман - есепшісі

Сатаева Гулфия Кобландиевна

Комиссия мүшесі

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің бас маманы

Шарафутдинов Бекежан Биболатович

Комиссия мүшесі

Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Жәнібек ауданының                                                   Территориальная

аумақтық сайлау                                                   избирательная комиссия

комиссиясы                                                         Жанибекского района

ҚАУЛЫ                                                               ПОСТАНОВЛЕНИЕ

____________________________________________________________________

090500, БҚО, Жәнібек ауданы,                  090500, ЗКО, Жанибекский район,

Жәнібек ауылы,  Ғ.Қараш көшесі, 61                       село Жанибек, ул. Г.Караш, 61

 тел. 8(71135) 21401; тел/факс: 8(71135)21459     тел. 8(71135) 21401; тел/факс: 8(71135)21459

          

25 шілде 2017 жыл №  3

 

 

2017 жылғы 8 қыркүйекке Жәнібек

ауданы Ақоба ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 Конституциялық Заңына, Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидасына» сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауы 2017 жылғы 8 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Сайлау бойынша келесі мерзімдер белгіленсін:

Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2017 жылғы 9-14 тамыз аралығында жүргізілсін.

Кандидаттарды тіркеу 2017 жылғы 24 тамызға дейінгі мерзімде жүзеге асырылсын.

  1. Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Жәнібек ауданының әкімі мен Жәнібек аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
  3. Осы қаулы аудандық «Шұғыла» газетінде жариялансын.

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                          Б.Куаналиев

1. Кабдисалиев Мустахим Кенжебаевич, 20 маусым 1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы - Зооинженер. Қазіргі кезде Жәнібек ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарады.

2. Айткалиев Гибрат Талгатович, 7 қаңтар 1992 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы - Ақпараттық  технологиялар. Қазіргі кезде Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарады.

3. Бигалиев Роберт Галлемович, 30 наурыз 1976 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы - Мал дәрігері, Экономика және бизнес бакалавры. Қазіргі кезде Жәнібек аудандық кісіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда.

 

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Жәнібек ауылдық округінің әкімінің сайлауы 2017 жылғы 7 тамызда аудандық мәдениет үйінде (мекен жайы: Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі, №36 үй) сағат 08.00-10.00 аралығында өткізіледі.

 

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы