Әкімдерді сайлау

Тіркелген әкімнің тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Атқаратын лауазымы, жұмыс (кәсібінің) орны

Тұрғылықты жерін

Саяси партияға қатыстылығы

Ұлты

Каракулов Бауыржан Амиржанович

12.11.1984 ж.

Мектеп директоры

Ғ.Қараш атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Борсы ауылы

 

«Нұр Отан» партиясы

қазақ

 

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

2017 жылғы 3 ақпанда өткізілген Қамысты ауылдық округі әкімінің сайлауына аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 11 депутат-таңдаушы қатынасты.

Кандидаттарға берілген дауыстар төмендегіше болды.

Айткалиев Гибрат Талгатович - 1 таңдаушының дауысына ие болған.

Жаналиев Максат Нурболович - бірде-бір таңдаушының  дауысына ие болмаған.

Каракулов Бауыржан Амиржанович - 9 таңдаушының дауысына ие болған.

Жоғарыдағы негізінде дауыстарды санау нәтижелері бойынша ең көп дауыс алуына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Каракулов Бауыржан Амиржанович Қамысты ауылдық округінің сайланған әкімі болып саналсын деген шешім қабылдады.

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Бекітілген күнтізбелік жоспарға сай 2017 жылғы 27 қаңтарда аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттарының (таңдаушылардың)  Қамысты ауылдық округінің әкіміне кандидаттармен сайлауалды кездесуі өткізілді. Кездесу барысында кандидаттардың сенім білдірген адамдары депутаттарды кандидаттар Г.Т.Айткалиев, М.Н.Жаналиев және Б.А.Каракуловтың өмірбаяндарымен таныстырған болса, өз кезегінде аталған кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялады.

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

2017 жылғы 3 ақпанға тағайындалған Қамысты ауылдық округінің әкімінің сайлауында әкімге кандидат болып тіркелгендер туралы хабар.

1. Айткалиев Гибрат Талгатович, 7 қаңтар 1992 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы - Ақпараттық  технологиялар.

Қазіргі кезде Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарады.

2. Жаналиев Максат Нурболович, 18 сәуір 1989 жылы туған, білімі жоғары - Машина жасау, Құқықтану.

Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы лауазымын атқаруда.

3. Каракулов Бауыржан Амиржанович, 12 қараша 1984 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы - Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Қазіргі кезде Борсы ауылындағы Ғ.Қараш атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің директоры лауазымын атқаруда.

 

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Ауылдық округ атауы

Кандидаттың аты - жөні

Кездесу күні мен уақыты

Өтетін орны

Жауапты орындаушылар

1

Қамысты

Айткалиев Гибрат Талгатович

 

27.01.2017 жыл

сағ. 11.00.

Аудандық мәдениет үйі

Аудандық мәслихат хатшысы Т.З.Кадимов

2

Жаналиев Максат Нурболвич

27.01.2017 жыл

сағ. 11.30.

Аудандық мәдениет үйі

Аудандық мәслихат хатшысы Т.З.Кадимов

3

Каракулов Бауыржан Амиржанович

27.01.2017 жыл

сағ. 12.00.

Аудандық мәдениет үйі

Аудандық мәслихат хатшысы Т.З.Кадимов

 

 Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Орналасқан орны: Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі, №36 үй

Аудандық мәдениет үйінің ғимараты

Анықтама телефоны: (871135) 21240

Куаналиев Биржан Кайргалиевич

Комиссия төрағасы

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары

Кенжегалиев Жаныбек Мертенович

Комиссия төрағасының орынбасары

Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы

Ибатов Миранбек Нурланович

Комиссия хатшысы

Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Кусаинов Аскар Урынгалиевич

Комиссия мүшесі

Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі

Наурзалиев Абылай Саматович

Комиссия мүшесі

Жәнібек аудандық мәслихаттың бас маман - есепшісі

Сатаева Гулфия Кобландиевна

Комиссия мүшесі

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің бас маманы

Шарафутдинов Бекежан Биболатович

Комиссия мүшесі

Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 (комиссия атауы)

 

2016 жылғы 20 желтоқсандағы №4

 

қаулысымен бекітілді

 

2017 жылғы 3 ақпанға тағайындалған

Жәнібек 

   (аудан, қала атауы)

Қамысты ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары

 

1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.

                                                                                                                    (11 т.)

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей.

 

                                                                                    (9 т. 1, 7 тармақшалар)

 

3. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына тиісті  әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.

 

Аудан (қала) әкімі.

Сайлау күнінен 30 күн бұрын - 2017 жылғы 5 қаңтардан басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда - 2017 жылғы 10 қаңтарда сағ. 24.00. аяқталады.

                                                                                                           ( 13, 14, 15 т.)

 

4. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.

Аумақтық сайлау комиссиясы тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.

                         Дауыс  беру  күніне  7  күн қалғанда

 - 2017 жылғы 28 қаңтарда                                                                                                     (9 т. 1, 7 тармақшалар, 48 т.)

 

5. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы  3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.

 

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Үш күннің ішінде. 

                                                                                      (12, 17 т.)

 

 

6. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2017 жылғы бірінші қаңтардағы табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

                                   Кандидат тіркелгенге дейін. 

                                                                                                      (18 т.)

 

7. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады  және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда - 2017 жылғы19 қаңтарда сағ. 24.00. аяқталады.  

                                                                                            ( 20, 24 т.)

 

8. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

                     Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7-ші күннен кешіктірмей.

 

                                                                                                    (22 т. 1 тармақша)

 

9. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Салық қызметі органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннің ішінде.

                                                                                                                          (19 т.)

10. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.

                                                                                              (33, 34 т.)

 

11. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру. Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны    бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

                                                                                         (9 т. 1, 7 тармақшалар)

 

12. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi - 2017 жылғы 1 ақпанда жергілiктi уақыт бойынша 2400 сағатта аяқталады.

(28 т.)

 

13. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.                                  

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде. 

                                                                                        (9 т. 1, 7 тармақшалар)

 

14. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

                                      Аумақтық сайлау комиссиясы. 

                                      Кандидат тіркелгеннен кейін.

                                                                                         (9 т.  1, 7 тармақшалар)

 

15. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

                            Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

 

(52 т.)

 

16. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

                       Бір күннің ішінде - 2017 жылғы 3 ақпан                                                                                                                                    ( 47-54 т.)

 

17. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.

                                      Аумақтық сайлау  комиссиясы.

                  Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде -

                            2017 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей.

                                                                                                                                           (57 т.)

 

18. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.

Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей  - 2017 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей.

                                                                                                                                         (44 т.)

 

19. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

                          Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірмей -                                        

                                      2017 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей.

                                                                                                    (59 т.)

 

 

Ескертпе: Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату» қағидалары нормаларына сілтемелер жасалды.