Әкімдерді сайлау

13 маусым 2016 жыл №  3

 

 

2016 жылғы 28 шілдеге Жәнібек

ауданы Тау ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 Конституциялық Заңына, Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидасына» сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жәнібек ауданы Тау ауылдық округі әкімінің сайлауы 2016 жылғы 28 шілдеге тағайындалсын.

2. Сайлау бойынша келесі мерзімдер белгіленсін:

Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 28 маусым - 2 шілде аралығында жүргізілсін.

Кандидаттарды тіркеу 2016 жылғы 2 шілде - 13 шілде аралығында жүзеге асырылсын.

3. Жәнібек ауданы Тау ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары бекітілсін.

4. Осы қаулы Жәнібек ауданының әкімі мен Жәнібек аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.

5. Осы қаулы аудандық «Шұғыла» газетінде жариялансын.

 

Сайлау туралы ақпарат http://zhanibek-bko.gov.kz сайтында жарияланатын болады.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                          Б.Куаналиев

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
(комиссия атауы)

2016 жылғы 13 маусымдағы №3

қаулысымен бекітілді

 

2016 жылғы 28 шілдеге тағайындалған

Жәнібек 

   (аудан, қала атауы)

Тау ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары

 

1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.

(11 т.)

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей.

 

(9 т. 1, 7 тармақшалар)

 

3. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына тиісті  әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.

 

Аудан (қала) әкімі.

Сайлау күнінен 30 күн бұрын - 2019 жылғы 28 маусымнан басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда - 2016 жылғы 2 шілдеде сағ. 24.00. аяқталады.

( 13, 14, 15 т.)

 

4. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.

Аумақтық сайлау комиссиясы тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.

Дауыс  беру  күніне  7  күн қалғанда

 - 2016 жылғы 21 шілдеде

(9 т. 1, 7 тармақшалар, 48 т.)

 

5. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы  3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.

 

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Үш күннің ішінде. 

                                                                                      (12, 17 т.)

 

 

6. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы бірінші маусымдағы табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тіркелгенге дейін. 

(18 т.)

 

7. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады  және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда - 2016 жылғы13 шілдеде сағ. 24.00. аяқталады.  

( 20, 24 т.)

 

8. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7-ші күннен кешіктірмей.

 

(22 т. 1 тармақша)

 

9. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Салық қызметі органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннің ішінде.

(19 т.)

10. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.

(33, 34 т.)

 

11. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру. Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны    бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(9 т. 1, 7 тармақшалар)

 

12. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi - 2016 жылғы 26 шілдеде жергілiктi уақыт бойынша 2400 сағатта аяқталады.

(28 т.)

 

13. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде. 

(9 т. 1, 7 тармақшалар)

 

14. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

                                      Аумақтық сайлау комиссиясы. 

                                      Кандидат тіркелгеннен кейін.

(9 т.  1, 7 тармақшалар)

 

15. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

 

(52 т.)

 

16. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Бір күннің ішінде - 2016 жылғы 28 шілде

( 47-54 т.)

 

17. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде -

2016 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей.

(57 т.)

 

18. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.

Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей  - 2016 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей.

(44 т.)

 

19. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірмей -

2016 жылғы 3 тамыздан кешіктірмей.

(59 т.)

 

 

Ескертпе: Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату» қағидалары нормаларына сілтемелер жасалды.

  Қамысты ауылдық округі әкімінің зейнет  жасына келуіне байланысты босатылған   лауазымды қызмет орнына үміткерлерді ұсыну  мақсатында тұрғындармен кездесу   оздырылды. Оған аудан әкімі Мұрат Мұқаев  пен аудандық мәслихат хатшысы Тахир   Қадимов қатысты. Үміткерлікке аудан әкімі  аппаратының персоналды басқару қызметі   бөлімінің бас маманы Асқар Сәрсенғалиев,  Жәнібек ауылдық округі әкімі аппаратының   бас маманы Асхат Абдығалиев, аудандық  мәслихат аппаратының  бас маман-есепшісі   Абылай Наурызалиевтің кандидатурасы  ұсынылды. Аудан басшысы олардың  өмірбаяндарын көпшілікке  таныстыра келіп, қай-қайсысы да сайланған жағдайда      мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл шаруашылық саласын кеңейту, шағын және  орта  бизнесті  дамытуда аянбай еңбек ету керектігін баса айтты. Жарыссөзге шыққан  зейнеткер Айша Кенжеғалиева елге қызмет ететін азаматтар Елбасымыз Нұрсұлтан  Назарбаевтың алдағы істі кеңінен жоспарлайтын қажырлы қасиетінен үлгі алу керектігін  айтса, ардагер-ұстаз Зейін Сабырғалиев үміткерлердің бағдарламалық ұсынбаларын  тыңдағысы келетінін жеткізді, ал, аудандық мәслихат депутаты, Е.Ниетқалиев атындағы  орта мектептің директоры Тоқтағаным Үмітаева кандидатқа ұсынылған азаматтардың  «жас та болса бас болар» қасиетіне сенімді екенін, ауыл боп қолдаулары тиіс екенін  тілге тиек етті.