Скачать: Талов ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары


2018 жылғы 26 сәуірге Жәнібек
ауданы Талов ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау
туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 Конституциялық Заңына, Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 36, 36-1-баптарына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жәнібек ауданы Талов ауылдық округі әкімінің сайлауы 2018 жылғы 26 сәуірге тағайындалсын.
2. Сайлау бойынша келесі мерзімдер белгіленсін:
Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 28 наурыз – 1 сәуір күндері аралығында жүргізілсін.
Кандидаттарды тіркеу 2018 жылғы 12 сәуірге дейінгі мерзімде жүзеге асырылсын.
3. Жәнібек ауданы Талов ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4. Осы қаулы Жәнібек ауданының әкімі мен Жәнібек аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
5. Осы қаулы аудандық «Шұғыла» газетінде жариялансын.

 

          Аудандық аумақтық сайлау
  комиссиясы төрағасының орынбасары                      Ж.Кенжегалиев