12 қараша 2018 жыл № 6

 

2018 жылғы 21 желтоқсанға Жәнібек

ауданы Ұзынкөл  ауылдық округі

әкімінің кезектен тыс сайлауын

тағайындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 Конституциялық Заңына, Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 36, 36-1-баптарына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы 2018 жылғы 21 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Сайлау бойынша келесі мерзімдер белгіленсін:

Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 21 – 26 қараша күндері аралығында жүргізілсін.

 

Кандидаттарды тіркеу 2018 жылғы 5 желтоқсанға дейінгі мерзімде жүзеге асырылсын.

 

  1. Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Жәнібек ауданының әкімі мен Жәнібек аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
  3. Осы қаулы аудандық «Шұғыла» газетінде жариялансын.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                Ж.Абдолов

 

Жүктеу: Ұзынкөл ауылдық округ әкімінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары