2019 жылғы 25 желтоқсанға тағайындалған Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауында әкімдікке кандидат болып тіркелгендер  туралы хабар.

  1. Амангалиев Рустам Мирамович, 1987 жылы 2 маусымда туған, білімі–жоғары, мамандығы – қаржыгер. Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман қызметін атқаруда. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ш.Мәжитов көшесі, №108 үй мекенжай бойынша тұрады.
  2. Жакин Нурлыбек Тұрымтайович 1981 жылы 3 сәуірде туған, білімі – жоғары, мамандығы – тарих және география пәндерінің мұғалімі. Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің бас маманы қызметін атқаруда. Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Б.Жәнекешев көшесі, №46 үй мекенжай бойынша тұрады.
  3. Шарафутдинов Бекежан Биболатович 1987 жылы 24 маусымда туған, білімі – жоғары, мамандығы – география пәнінің мұғалімі. Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  қызметін атқаруда. Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Қ.Мусин көшесі, №16 үй мекенжай бойынша тұрады.

Жәнібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы