ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2018 жылы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар жоспарын» (бұдан әрі - Жоспар) іске асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарда облыстық әкімдік жанынан терминологиялық секцияларды құру мәселесі қарастырылған.

 

Сонымен қатар, Жоспардың 50-тармағын жүзеге асыру мақсатында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі арнайы бейне блоктар әзірледі. 

 

Аталған бейне блоктардың электронды нұсқасын келесі сілтеме арқылы жүктеуге болады:

 

https://drive.google.com/open?id=17cvaAorTThn4RJjkAqGL0M7rQMWBBf5b.


 

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған бейнеблоктар тізімі

 

"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейінкезең-кезеңімен  көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері