Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың " Ұлы даланың жеті қыры" атты xалыққа жолдаған мақаласында "Атқа міну мәдениеті" туралы кеңінен тоқталып өткен болатын. 
" - Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.", деген болатын Елбасымыз өз мақаласында.

28 ақпан күні аудандық балалар - жасөспірімдер спорт мектебінде Елбасымыздың осы мақаласын жүзеге асыру мақсатында, ат спорты бөлімінің жаттықтырушысы Бейбіт Аронов мектеп оқушыларына ат құралдарымен таныстырып, олардың атқа мінгендегі атқаратын рөлдерін толықтай түсіндіріп өтті. Одан соң далаға шығып атты қалай ерттеп, қалай міну керек екендігі туралы іс жүзінде көрсетілді.