6 наурыз күні аудандық кітапхананың оқырман қамту бөлімінің ұйымдастыруымен Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау бағытында ЖББ А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінде  «Ер қанаты - ат» тақырыбында шара оздырылды.

Елбасының бұл мақаласы ұлтымыздың рухани құндылықтарын құрметтеуге, танып – білуге бастама болатын бағдарлама. 
Ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді өскелең ұрпақ санасына жеткізу мақсатында өткізілген шара барысында кітапханашысы А. Алпысова оқушыларға атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы туралы түсінік беріп өтті.Сөз алған мектеп кітапханашысы Г.Ермек және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Д.Дженисовалар Елбасы мақаласы туралы өз ой – пікірлерін білдіріп, осындай шаралардың оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор екендігін айтып өтіп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Шара соңында кітапханашы «Ұлы даланың жеті қыры - ұлттық болмыстың негізі» атты көрмеге библиографиялық шолу жасалды.