Рухани жаңғырудың жалғасы іспеттес «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы да жастарға сенім мен серпін беріп, жастар шығармашылығына басым бағыт берілуде. Соның айғағы ретінде аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен биылғы «Жастар жылына» орай аудан мекемелері жастарының арасында жерлес ақын ана, Халима Өтеғалиеваның туғанына 130 жыл толуына орай 28 наурыз күні «Асыл жыр қалдырған, ақын ана» атты поэтикалық марафон оздырылды.

Шараға қатысушы жастар ана үнімен жырланған ақын шығармаларын жатқа айтып, ақынның рухты да сыршыл өлеңдерінен қуат алып, қазақтың ұрпағы деген қасиетті теңеуге лайық болуды мақсат етті. Кеш соңында «Сөз зергері Халима» атты кітап көрме исталяциясы таныстырылып, қатысушы жас мамандарға алғыс хаттар табыс етілді.