Жәнібек ауданы әкімінің аппараты, пошталық индексі 090500, мекен-жайы:

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы Ғ.Қараш атындағы көшесі 61, 2 қабат, 12 бөлме, анықтама үшін телефондар: 8-71135-21857, 21039,

факс 8-71135 -21857,  эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Жәнібек ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бірыңғай конкурс комиссиясы құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі

 конкурс жариялайды

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-R-1 санаты үшін

 

Жоғары білім

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;


2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;


3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;


4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;


5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;


6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**


7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Республикасының Президенті туралыҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың тәртібін қарау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын) білуі. 


«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.


Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


Сондай-ақ басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек. Эссені бағалаудың параметрлері (100 (жүз) сөзден кем емес).

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптары:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 

Білім туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар («Болашақ» бағдарламасының түлектерінен басқа) білім беру туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өткізуі тиіс.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-1

142 461 теңгеден

192 366 теңгеге дейін

 


Жәнібек ауданының ветеринария бөлімінің басшысы,

санаты E-R-1, лауазым индексі 09-01, 1 бірлік

 

Лауазымдық міндеттері:

  1. Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру және қадағалау, адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асыру. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және энзоотиялық аурулар бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды, халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
  2. Өзінің өкілеттігі шегінде бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша аудандағы мемлекеттік мекемелерде, ауылдық округтер әкімдері аппараттарында Қазақстан Республикасының Заңдары мен басқа да нормативтік құқытық актілерінің орындалуын қадағалау.
  3. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде өзінің өкілдігі шегінде аудандағы мемлекеттік мекемелердің, ауылдық округтер әкімдерінің қызметі мен күштерін үйлестіріп отыру.

 

Мамандық бойынша талаптар:

 

«Ветеринария» немесе «Ауылшаруашылық ғылымдары» (соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) мамандықтары.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрижелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

 

Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде құжаттар ұсынылуы керек.


Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға  қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде не «E-gov»  электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсырады.


Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «E-gov»  электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелеуден өтуге жіберілмейді.

 

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:


Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар кандидаттарды әңгімелесуге жіберу жөнінде хабарлар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуден «Жәнібек ауданы әкімінің аппаратында» өтеді.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына байқаушылар шақырылады.


Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі Төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 1 қосымшасымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда №14939 тіркелген) негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

 

Мені_________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

          Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны ____________________________

__________________________________________________________________

 

_____________             __________________________________________________________

       (қолы)                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдай-

да) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

 

6

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағ-

дайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при нали-

чии)

 

8

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, да-

та и основания его наложения (при наличии)

 

9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтиже-

сі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі

бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние

три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за факти-

чески отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің

орналасқан жері/должность, место

работы, местонахождение органи-

зации

қабыл-

данған/

приема

 

босатылған/

увольнения

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________

күні/дата