«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Жәнібек ауданы әкiнің аппараты, 090500, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі, 61, анықтама үшін телефон (факс): 8(71135)21-8-57, Е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  

  1. Жәнібек ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі кезеңіне) лауазымы «Е-3» санаты, 1 бірлік. «Е-3» санаты үш лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 112730 (min) теңгеден 152017 (max) теңгеге дей.

Функционалдық міндеттері:

  1. Мемлекеттік органдардың персоналды басқару мәселесі бойынша мемлекеттік саясатын жүргізу бағытында бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау. Мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялаудан, бағалаудан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілдерін есептеу комиссияның құжаттарын жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілік талаптарын, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен ауылдық округтер әкімдерінің лауазымдық нұсқаулықтарын жасақтау, бекітуге ұсыну, мемлекеттік органның штаттық кестесіндегі өзгерістерін уақытылы түзеу. Мемлекеттік қызметшілер кадрларының жәйі туралы мониторинг жүргізу, ауданның кадрлары туралы мәліметтерді «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйеге енгізу.
  2. Көп балалы аналардың құжаттарын «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларына ұсыну.
  3. Ауылдық округтер әкімдері, аудан әкімі аппараты және аудандық мемлекеттік органдар басшыларының жоғарғы органдардың нормативтік актілерінің орындаудағы қызметі мен күштерін үйлестіріп отыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім;

«Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» немесе «Өнер» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Техникалық ғылымдар және технология» немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдары» немесе «Ветеринария» немесе «Қызмет көрсету» немесе «Әскери іс және қауіпсіздік» немесе «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» мамандықтары бойынша;

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

     

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

     

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

     

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

     

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

     

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

     

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымы «Е-R-1» санаты, 1 бірлік. «Е-R-1» санаты үш лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142461 (min) теңгеден 192366 (max) теңгеге дей.

Функционалдық міндеттері:

1.Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру және қадағалау. Бөлімінің іс шаралар жоспарын жасақтау. Иесіз жатырған жер учаскелерін есепке қою, жер учаскелерін қайырып алу жөнінде ұсыныстар дайындау. Елді мекендер аумағында жерге орналастыру жобаларын жабдықтауды ұйымдастыру. Ауылдар мен қоныстарды салудың негізгі жоспарларын жасауға қатысу. Бөлімдегі жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді белгіленген стандарттар мен регламенттерге сай ұсынуды қамтамасыз ету.

  1. Қазақстан Республикасындағы Жер Кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, оны бұзу фактілерін болдырмау және олар бойынша шешім қабылдау.

3.Өзінің өкілеттігі шегінде бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша аудандағы мемлекеттік мекемелерде, ауылдық округтер әкімдері аппараттарында  Қазақстан Республикасының Заңдары мен басқа да нормативтік құқытық актілерінің орындалуын қадағалау.

4.Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде өзінің өкілдігі шегінде аудандағы мемлекеттік мекемелердің, ауылдық округтер әкімдерінің қызметі мен күштерін үйлестіріп отыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім;

«Ауыл шаруашылық ғылымдары» (соның ішінде агрономия, мелиорациялау, жерді баптау және қорғау, агроэкология, топрақтану және агрохимия, аграрлық техника және технология) немесе «Құқық» немесе «Қызмет» (соның ішінде жерге орналастырушы; кадастр; бағалау; геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару)  немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (соның ішінде геодезия және картография,геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау; тау-кен ісі, маркшейдер ісі, құрылыс) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (соның ішінде мемлекеттік және жергілікті басқару; жобаларды басқару) мамандықтары бойынша;

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиалық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)    Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.     

Құжаттар электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Жәнібек ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі.

 

 

Нысан

 

_______________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

________                                               ___________________________________

  (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.