Мәдениет және спорт

Жыл басынан аудан бойынша спорттық-көпшілік шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. Аталмыш жоспарға сәйкес күні бүгінге 568 мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 3 ауылдық округте (Жәнібек, Жақсыбай, Талов) жалпы соммасы 28 млн 568 мың теңгеге 3 спорт алаңын салу жұмыстары жүргізілді.

 

Спорт саласында жұмыс жасайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 14 жаттықтырушы 260 оқушыға спорттың 9 түрі бойынша жаттықтырып келеді. Соңғы жылдары ауданда 8 заманауи спорттық алаңдар іске қосылды.  Мектептегі ойын, күрес, үстел теннисі және тренажер залдарының, қолдан жасалған хоккей, «Street Workout» алаңының және қоршалған жазғы спорт ойын алаңдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы мектеп тәрбиеленушілері мен аудан тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасалды. Облыс басшысы Алтай Сейдірұлының қолдауымен Ақоба ауылының Х.Халиуллин атындағы ЖББО мектебі жанынан жаңа спорт зал құрылысының жұмыстары аяқталып, тәуілсіздік күні қарсаңында қолданысқа берілді. Соның нәтижесінде аудан спортшылары түрлі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, аудан намысын абыроймен қорғауда. Сонымен қатар, облыстық бюджет қаражаты есебінен 35 млн теңгеге Борсы ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне берілді.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында Жәнібек ауданында іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді.
Аталмыш бағдарлама аясында ауданымызда ауқымды істер атқарылды. Атап өтсек, бағдарлама негізінде және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай Жәнібек ауылынан бастау алып, еліміздің тәуелсіздігін аңсап, азаттық жолында күрескен жерлесіміз, ғұлама ойшыл, ақын, ұлт зиялысы Ғұмар Қараштың кіндік қаны тамған жері Борсы ауылында өткен  «Қараңғылықтың түнегін түрген шамшырақ» атты аудандық конференциясына дейін жүріп өткен аттылы экспедициялық жорық ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары арасындағы аймақтық ІІ «Ғұмар Қараш оқулары» шығармашылық байқауы оздырылды. Сондай-ақ, ауданның 95 жылдығы аталып өтіп, «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» атты жерлестер форумы ұйымдастырылды. Форум жұмысына алыс-жақыннан шақырылған жерлестеріміз, көршілес Ресей Федерациясынан арнайы келген меймандар қатынасты. Шараға қатысушылар  туған елдің игілігіне қажетті тың жобаларды қолдау бағытында үн қосып, барша жерлестер тарапынан оң көзқарасқа ие болды. Шара ұлттық спортымызды насихаттаушы дала қызықтарына ұласты. Сондай-ақ, өткен жылы «Рухани» жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында барлығы 12 млн 990 мың теңгенің жобасы жүзеге асырылды.

 


«Өнерлі өрге жүзер»

 

30 қыркүйекте  Орал қаласында өткен облыстық «Дала дарындары» жастар шығармашылығы  облыстық фестиваліне ауданымыздың намысын қорғап,белсене қатысқандар «Академиялық ән айту» жанры бойынша  жетістігі үшін II дәрежелі дипломмен Ақтоты Ешматова және «Бейнелеу» жанры бойынша сәндік қолданбалы өнердегі ерекше шеберліктері үшін III дәрежелі дипломмен Жарқын Ганиенва марапатталды.

 

«Күй - ғұмыр» атты күйшілер байқауы

 

 

Көршілес Бөкей Ордасының орталығы Сайқын ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы

Ассамблеясының 20 жылдығына және аудандық «Орда жұлдызы» газетінің 85 жылдығына орай «Күй-ғұмыр» атты аймақтық  күйшілер сайысына Жақсылық Қаздөкұлы

Бисенгалиев қатысып жүлделі үшінші орынды иеленді.

 

 

 

 

«Қариялар - асыл дариялар» атты мерекелік концерт

 

1 қазан -Дүниежүзілік қариялар күні мерекесіне орай аудандық Мәдениет үйінде «Барлық құрмет үлкендерге» мерекелік  шара  оздырылды. Салтанатты жиында аудан әкімі Мұрат Рахметұлы Мұқаев барша жиналған қауымды БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1990 жылдың  желтоқсан айындағы шешімімен «1 қазан-Дүниежүзілік қариялар күні» деп белгіленуі себепті барша қария-ардагерлерді  мерекемен құттықтап игі тілегін жеткізді. Сонымен қатар бір топ ардагерлерге аудан әкімі Мұрат Рахметұлының және аудандық ардагерлер Кеңесінің  төрағасы  Амангелды Мырзағалиұлы Уалиевтың  алғыс хаттары мен  естелік сыйлықтары табыс етілді.

Мерекелік концерттің шымылдығын аудандық Мәдениет үйінің әншісі Райымбек Каримов «Әке-ана» әнімен ашты. Ардагерлер ансамблінің орындауындағы   халық күйі «Келіншек», жас әншілер Дана Қаратаева « Ана жүрегі» және Айзада Бисекованың

«Апау», аудан халқына жақсы танымал күміс көмей әнші Мейрамгүл Дәулетқалиеваның «Анажан» атты  шырқаған әндерін  көрермендер жылы қарсы алды. Көркемдік жетекшісі Шынтемір Рамазановтың сүйемелдеуімен «Ақниет» әжелер ансамблі  «Дедімай-ау» халық  әнін орындаса, «Ақмаржан» халықтық би ұжымының мүшелері «Балапан қаз» халық әнінің әуеніне қойылған биді биледі. Аудандық ардагерлер Кеңесінің  мүшесі және әжелер ансамблінің  әншісі Жұмакулова Меңсұлу әжеміз өз шығармашылығынан «Қарттарым-асыл қазынам» атты  оқыған өлеңі, ауданға танымал  өнерпаздар Елеусін Зейнуллин «Қара кемпірдің зары» айтқан әні және  күйші-домбырашы Жәдігер Мұстафин тартқан «Ақжелең» күйі көрермендердің көңілін бір серпілтті.

Қазақ әнінің көкжиегін кеңейтіп, қалықтатып жүрген «Астанаға-10 жыл» мерекелік медалінің иегері, әнші, сазгер Уахит Сариев ағамыздың  орындауындағы «Бала болып кетемін» атты авторлық  әні барша көрермендердің жылы қөшеметіне бөленді.

Концерттік бағдарлама «Ардагерлер» вокалдық тобының орындауындағы Х.Балабаевтың сөзіне жазылған Қ.Есмұратовтың  «Қазақстан» әнімен  мәреге жетті.

Қариялар құрметіне жайылған дастархан басында аудан әкімі Мұрат Рахметұлы  ата-әжелермен дидарласып жылы лебіздеріне алғысын білдірді.

 

«Шарықтайды күй» атты облыстық «халықтық» атақтар фестивалі

 

15 қазан күні Жаңақала ауданы орталығында  Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» Орденінің иегері, профессор, күйші композитор Тұяқберді Шамеловтың дүниеден   өткеніне 3 жыл толуына орай «Шарықтайдыкүй» атты облыстық «халықтық» атақтары  бар оркестрлер арасында фестиваль, Т.Шамелов туралы кітаптың тұсау кесер рәсімі  және атақты дирижер  КСРО және Қазақстанның халық  әртісі, профессорШамғон Қажығалиевтын бюстін орнату шаралары өткізілді. Бұл шараға қатысқан аудандық халықтық ұлтаспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен облыстық классикалық әндер байқауының дипломанты, «Даладарындары» байқауының 2 орын жүлдегері Ақтоты Ешматованың орындауында  Т.Молдағалиевтың сөзіне жазылған  Т.Шамеловтың «Нұрғиса ағама сағыныш» әні орындалса, оркестрдің өзі   Динаның «16 жыл»  күйін ойнап берді. Фестиваль қорытындысымен  аудандардан  қатысқан 6 оркестрлердің әр қайсысына  Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов   алғыс хаттар  табыс етті.