Қоғамдық тыңдаулар

«Жәнібек ауылы, Д.Нұрпейісова көшесіндегі үш пәтерлі 8 тұрғын үйдің жанынан тротуарлар құрылысы», «Жәнібек ауылы Д.Нұрпейісова көшесіндегі 20 тұрғын үйдің жанынан тротуарлар құрылысы», «Жәнібек ауылының солтүстік бөлігіндегі 9 жаңа көшенің жанынан тротуарлар құрылысы» және «Жәнібек ауылының солтүстік бөлігінде 9 жаңа көшенің құрылысы» жұмыс жобаларын кешенді сараптамадан өткізуге байланысты, ҚР Экологиялық кодексінің 57 бап талаптарына сәйкес, пікірді сұрау түрінде қоғамдық тыңдалым ағымдағы жылдың 12 қазан- 2 қараша аралығында өтетіндігін хабарлайды. Тапсырыс беруші- «Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.


«Жәнібек ауылы, Д.Нұрпейісова көшесіндегі үш пәтерлі 8 тұрғын үйдің жанынан тротуарлар құрылысы» және «Жәнібек ауылының солтүстік бөлігінде 9 жаңа көшенің құрылысы»  жұмыс жобасы- «ЖайықСтройПроект» ЖШС;


«Жәнібек ауылы Д.Нұрпейісова көшесіндегі 20 тұрғын үйдің жанынан тротуарлар құрылысы», «Жәнібек ауылының солтүстік бөлігіндегі 9 жаңа көшенің жанынан тротуарлар құрылысы» жұмыс жобасы- «Westkaros» ЖШС.


Қоғам өкілдері Жұмыс жобасымен және пікір сұрау парақтарымен электрондық түрімен, ескертулер мен ұсыныстарды келесі мекен жай бойынша: Жәнібек ауылы, Мажитов көшесі, 203 ғимарат, 87113522058, 87113522202 жұмыс телефондарына қабылданады.