1.Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу

2.Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

3.Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны рәсімдеу үшін анықтамалар беру 

4.Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру

5.Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру

6.Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

7.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою

www.egov.kz электрондық үкімет порталының «Connection Point» секторларынан азаматтардың ең жиі пайдаланатын қызмет түрлері - қозғалмайтын мүліктерінің бар/жоқтығы туралы анықтамалар, мекенжай жөніндегі анықтамалар, зейнетақылардың аударымы туралы анықтамалар және т.б. екендігін атаған жөн. Бұл секторда ХҚКО-ның қызметін пайдаланушылар өз бетімен нәрестені бала бақшасының кезегіне қойып, ата-тегі мен есімін өзгеруге өтініш беріп, жеке кәсіпкерлігін тіркей алады.Сонымен бірге кеңесшілер мемлекеттік баж, салық, жол қозғалысын бұзғандығы үшін айыппұлды, коммуналдық қызмет ақысын қалай төлеуге болатындығын түсіндіріп береді.

Келушілер өздері кезекті күтпей, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында қажетті қызметті ала алады. Әрине, қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, клиентке «e-gov» бұрышының инспекторы көмекке келеді. Порталдың барлық қызметін толық құқылы қолдану үшін, ЭСҚ-қа тапсырыс беру қажет. «Connection Point» бұрышынан басқа тұрғындарға жайлы және ыңғайлы қызмет көрсету үшін реттеу залында «Wi-Fi» аймағы орнатылған. Ыңғайлы жерде отырып монитордың алдында ХҚКО клиенті өз ықтиарымен өтінім жасай алады, мысалы, өзінде екінші деңгейдегі банкке төлем жасау карточкасы болған кезде ЖШС рәсімдей алады. Келушілерге ақпарат беретін көмекшілер күту залындағы үстелдерде жатқан буклеттер болып табылады. «Connection Point» ХҚКО құрудың көмегімен азаматтар e-gov бұрышы маманының кәсіби кеңесін алғаннан кейін алдағы уақытта үйде отырып, дербес компьютерлері арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтінімді рәсімдей алады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті  Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақапарат және мұрағаттар комитеті көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; 3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде, ХҚО-да - мұрағаттық анықтамаларды беру;

2) порталда - мұрағаттық анықтамалардың дайын екені туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін кез-келген қызмет түрін мүмкіндігі шектеулі жандарға үй жағдайында қызмет көрсетіледі.ХҚКО -на келуге мүмкіндігі болмаса Біртұтас байланыс орталығына 1414 нөмірі арқылы телефон шалып өзінің мүмкіндігі шектеулі екендігін және ХҚКО өзбетінше бара алмайтындығын айтып, оған үй жағдайында қызмет көрсетуін сұраған жағдайда, ХҚКО қызметкері қажетті құжаттарды қабылдайды және осы құжаттар орындалғаннан кейін Мобильді ХҚКО жолға шығу арқылы үйіне жеткізілетін болады. Тәулік бойы жұмыс атқаратын 1414 бірыңғай байланыс орталығы ұялы немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін. Бөлімнің жауапты қызметкері өтініштер берушімен хабарласып мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімін пысықтап бару уақытын өтініш берушіге ыңғайлы уақытқа келіседі.Бөліммен бекітілген жауапты қызметкер 72 жұмыс уақыты аралығында өтініш берген мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне барып ХҚКО ЫАЖ-да қызметті қабылдауды қамтамасыз етеді, яғни құжаттарды қабылдау, дайын құжаттарды беру, қажет жағдайда ХҚКО көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беру. ЭҮП және ЭЦҚ арқылы электрондық түрде қызмет алу бойынша оқытулар жүргізеді.

Мемлекеттiк қызмет көрсету «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңына және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органға өтiнiш келiп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алушы төмендегіше құжаттарды ұсынады:

1) Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы өтiнiштi;
2) мемлекеттік қызмет алушысының (жеке тұлғаның) және мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
3) құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған жылжымайтын мүлік объектісін тіркелген жері бойынша жергілікті немесе республикалық газеттің данасын;
4) жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын бергені үшін алым төлегенiн растайтын құжатты ұсынуға тиіс

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:Акциз АЖ арқылы және қағаз түрінде акциздік таңбаларды алуға өтініш және осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында айқындалған құжаттар келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші темекі өнімдеріне акциздік таңбалар және жүкқұжат беруді жүргізеді;көрсетілетін қызметті алушылар табыс еткен алдағы жылға арналған өтінімдер күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде Акциз АЖ арқылы келісіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) алдағы жылға арналған өтінімдерді келісу;

2) акциздік таңбаларды және жүкқұжатты беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Акциз АЖ арқылы акциздік таңбаларды жасау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтінімдер - жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей;

2) темекі өнімдерін әкелу жүзеге асырылатын (темекі өнімін импорттайтын көрсетілетін қызметті алушылар өтінім беру кезінде) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасы және көшірмесі;

3) Акциз АЖ арқылы және қағаз түріндегі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшағасәйкес акциздік таңбаларды алуға өтініштің тұпнұсқасы;

4) көрсетілетін қызметті алушының мөрімен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының қызметкерінің атына акциздік таңбаларды алуға берілген сенімхаттың түпнұсқасы;

5) акциздік таңбаларды алушы адамды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың түпнұсқасын ұсына отырып, осындай бұйрықтың көшірмесі;

6) акциздік таңбаларды алушының қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, осы құжаттың көшірмесі;

7) акцизді төлегенін растайтын төлем құжаты;

8) акциздік таңбаларды алуға төлемді растайтын төлем құжаты.

Темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі өз қызметін алғаш немесе жаңадан бастаған көрсетілетін қызметті алушылар акциздік таңбаларды жасау үшін акциздік таңбаларды алу жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөліп мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге Акциз АЖ арқылы табыс етеді.Көрсетілетін қызметті алушылар бұрын берілген өтінімдерде акциздік таңбалардың түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулары бар өтінімдерін таңбалар алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.Акциздік таңбаларды жасап шығарғаны үшін есеп айырысулар жеткізушінің есеп шотына ақша аудару жолымен акциздік таңбаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөлек көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдеріне сәйкес жүргізіледі.

«Болашақ халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген. Мемлекеттік қызметті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы көрсетеді.

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде - конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы немесе құжаттарды Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылатын Министрлікке жеке тәртіппен қарау үшін жіберу туралы қолхат;

2) ХҚО-да - конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы немесе құжаттарды жұмыс органына жеке тәртіппен қарау үшін жіберу туралы қолхат;

3) порталда - уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы немесе құжаттарды жұмыс органына жеке тәртіппен қарау үшін жіберу туралы электронды құжат түріндегі қолхат.

ХҚО-на:

1) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімі  (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін);

2) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс берушіден ұсыным хат (жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімін ұсынатын мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше оқуға түскендерді қоспағанда);

3) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан өтінім (жоғары оқу орындарының бітірушілері санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);

4) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында таңдап алынған мамандық/зерттеу тақырыбы мен оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемелері көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес, жұмыс органы бекіткен нысан бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер толтырған сауалнама;

6) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі мен паспорты (сәйкестендіру үшін);

7) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы (тағылымдамадан өтуге үміткерлер қосымшаны ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда - білім туралы құжатты тану және ностификациялау туралы куәліктің көшірмесі не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжаттың көшірмесі;

8) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

9) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында мынадай санаттар үшін еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері: