Мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме атауы

Байланыс телефон

1

Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

87113521479; 87113522208;

2

Жәнібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

87113522058; 87113522202;

3

Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бадарламалар бөлімі

87113521466; 87113522059; 87113521987; 87113521740

4

Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі

87113521445; 87113522520;

5

Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

87113521154; 87113521182;

6

Жәнібек аудандық ауыл шаруашылық бөлімі

87113521361; 87113521142;

7

Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі

87113522355;

8

Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі

87113521343; 87113521550

9

Жәнібек аудандық білім беру бөлімі

87113522094; 87113521474; 87113521364;

10

Ақоба ауылдық округі

87113526974; 87113526977;

11

Борсы ауылдық округі

87113530357; 87113530356;

12

Жәнібек ауылдық округі

87113521333; 87113521834

13

Жақсыбай ауылдық округі

87113530100; 87113530124;

14

Күйгенкөл ауылдық округі

87113525147; 87113525175;

15

Қамысты ауылдық округі

87113524195; 87113526169;

16

Тау ауылдық округі

87113524416; 87113524373;

17

Талов ауылдық округі

87113530245; 87113530244;

18

Ұзынкөл ауылдық округі

87113525392; 87113525327;

Қызмет түрлері

қаңтар-қазан 2016 жыл

қаңтар-қазан 2015 жыл

тиісті кезеңмен, %

1

Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген қызметтер

13895

13052

106,4%

2

Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер

1423

1557

91,3%

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер

10347

9580

108%

4

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер

1073

993

108%

5

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер

1052

922

114%

6

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер

 

 

 

7

БАҚ-та жарияланған материалдар

8

6

133,3%

 

оның ішінде, телеканалдарда

 

 

 

 

интернет-ресурстарда

1

1

100%

 

газеттерде

7

5

140%

8

Өткізілген түсінік жұмыстары

10

6

166,6%

 

оның ішінде, семинарлар

2

2

100%

 

жиналыстар

3

1

300%

 

мамандарға әдістемелік көмектер

5

3

166,6%

 

өзге де жұмыстар

 

 

 

Жәнібек ауданының тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ фронт-кеңселерінен барлық қажетті анықтамаларды ала алады және құжаттарын ресімдей алады. Фронт-кеңселер дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайды және 530 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Жәнібек ауданы бойынша 1 (бір) фронт-кеңсе Жәнібек а., Иманов көш., 79 мекенжайы бойынша қызмет көрсетеді. Анықтама тел. 8-7113-02-36-15.

 

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы Бірыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердің маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екінші болып табылады. Оған Қазақстанныңөсімдіктер әлемінің100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрі және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсімдік жабынының доминанттары, бағалы жемдік, улы,арамшөп, дәрілік, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсімдіктерінің гербарийлері жеке топтастырылған.

Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, Қазақстанда жерге орналастыру жүйесінде геоботаникалық зерттеулер және геобатаникалық карталар жасау өткен ғасырдың 50 жылдарынан бері жоспарлы жүргізілуде, ол Қазақстанның өсімдіктер әлеміндегі мұрасын сақтауға мүмкіндік береді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылымына негізіне гербарий кіретін геоботаникалық картаны құрумен айналысатын жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы кіргендіктен, біз гербарий қорын жаңарту жұмысынәрдайым жүргізіп отырамыз. Қазіргі кезде алқапқа шығу алдында геоботаник мамандар гербарий бойынша оқу курстарынан өтіп, өсімдік түрлерімен танысады, оларды жүйелейді, ал барып келген соң оның қорытындысы бойынша гербарийді жаңа өсімдік түрлерімен толықтырады», - деді Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол, БГҚ құрудың мақсаты өсімдіктер морфологиясын, олардың георафиялық, экологиялық және жекеше өзгермелілігінзерттеу; кез-келген аумақтағы өсімдік әлемінің құрамын құжаттандыру, сондай-ақ өсімдіктердің жеке түрлерін (аймақтарға) тарату; белгілі бір кезеңде өсімдіктің өзгеруі жайлы толық мәліметтер жинау болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияда Энглер жүйесі бойынша сандық гербарий құрылып, қораптарда орналасқан өсімдіктерді тез табу үшін каталог жасалған.Жақын уақытта гербарийді облыстар бойынша цифрландыру жүргізілетін болады және жемдік, бал-шырынды, дәрілік және сол сияқты шаруашылық маңызы бойынша өсімдіктер іріктеліп алынады.

Бірыңғай гербарий қорындағы өсімдіктердің толық флористикалық тізімін құру үшін Астана қаласы мен Қарағанды облысынан гербарийлер жеткізілген және аллдағы уақытта солтүстік аймақтағы өсімдіктер түрлерімен толықтырылатын болады. Келешекте Бірыңғай гербарий қорыныңақпараттық-копмьютерлік деректер базасын құру жоспарлануда.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының гербарийлерін магистранттар, докторанттар, биологиялық, ауыл шаруашылығы және географиялық мамандықтардың ғылыми қызметкерлеріжаңа жиналған өсімдік даналарын нақтылау және анықтау, жекелеген аймақтардың флорасын құру және тақырыптық көрме жүргізу үшін қолдануда.

Қазан айында мемлекеттік корпорацияның біріңғай гербарий қорын құру«Мәңгілік мұра» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздгінің 25 жылдығы құрметіне өтіп жатқанын атап айтамыз.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа пилоттық жобаны іске қосты, бұл жоба шеңберінде баланың туылуын тіркеуді, бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемдерді ресімдеуді, сондай-ақ баланы балабақша кезегіне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композитті қызмет көрсету барлық 4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді.

«Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Әділет министрлігі баланың туылуын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тіркеуге өтінішті 3 жұмыс күні ішінде берулері тиіс деген өзгерістер енгізген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін осы және оған ілеспе қызметтерді композиттік түрде көрсету мүмкіндіктерін қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмірін жеңілдетіп, уақыттарын үнемдейді» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтің айтуынша, композит «Баланың туылуын тіркеу, оның ішінде азаматтық ахуал актілері жазбаларына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу», «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жіберу үшін кезекке қою» қызметтеріне қатысты болып табылады.

Дайын болған туу туралы куәлікті ата-аналар, құжат тапсырған күнді есептемегенде, 2 жұмыс күні ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттің ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түседі. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегін egov.kz  электронды үкімет порталынан немесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі  «Connection Point» өз өзіне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулеріне болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлік беру болып табылады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік қоғамының  баспасөз қызметі